Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамРухани Жаңғыру

АУЫЛЫМЫЗ «ТОЛАҒАЙ» БАЛАБАҚШАСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, бүлдіршіндерге арналып Ащыбұлақ ауылдық округіндегі Көкқайнар ауылында жекеменшік мемлекеттік әріптестік аясында 250 орындықты «Толағай» балабақшасы пайдалануға берілді. Онда «Балдәурен», «Жұлдызша», «Қарлығаш», «Ақбұлақ», «Түймедақ», «Құлпынай», «Ақбота», «Балбөбек» атты 8 топ бар, бүлдіршіндерге тәрбиешілермен қатар қосымша 15 білікті педагог білім нәрін беруде. Балабақша бала тәрбиесінде жаңа инновациялық технологиялар мен қатар Мария Монтессори педагогикасын пайдаланады.

«Толағайдың» ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары А. Сатибаев барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, бала тәрбиесі – ел өмірінде ең маңызды орын алатынын атап өтті. Ол: «Болашағынан үміт күттірер бүлдіршіндеріміздің алтын ұясының ашылу құрметіне қатысып отырған баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, баянды ғұмыр, қажымас қайрат, күш қуат, ырыс-несібе, молшылық тілеймін» – деп ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар ауыл ақсақалы Ә. Қасымов ақ батасын берді.

Балабақшаның меңгерушісі Анар Ержақынқызы: «Балабақшамыздың жұмыс жасау бағытының ең маңызды бөлігі ата-аналарды балабақшаның әр түрлі іс-шараларына әрдайым қатыстырып, алдыға қоямыз. Біз осылай бала тәрбиелеуде ең алдымен ата-ананың рөлін арттырамыз. Ал, баланы ойын арқылы және азаттық дамытушылық орталықтарын пайдалана отырып, ересектердің еңбегін бағалау мен мамандықтар туралы бастапқы түсініктерін қалыптастырып тәрбиелеуді тәрбиешілер күнделікті практикаларында кеңі-нен қолданатын болады», – деді.

Тәуелсіз еліміздің үкілеген үміті – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы саналып қана қоймай, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын саналады.

Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы еліміздің ең кішкентай азаматтарына жасаған айрықша қамқорлығы «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты балаларды мектепке дейінгі тәр-биемен қамтуды ұлғайту болып саналады

Аталған бағдарлама аясында Көкқайнар ауылында бүгінгі таңда 5 мыңға жуық халық тұрады. Оларға 2 мектеп, 1 амбулатория жалпы бес балабақша қызмет етеді. Тағы да 1 спорттық алаң мен 2 балалар ойын алаңы бар.

 

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button