Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамРухани Жаңғыру

ЖАН ДҮНИЕҢ ЖАҢАРАДЫ

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2022 әскери бөлімінің қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының маңыздылығын жауынгерлерге насихаттау мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Боралдай кентіне орналасқан аталмыш әскери бөлім осы елді мекеннің қоғамдық-саяси жұмысына белсене араласып, округ әкімдігімен бірлесе іс-шаралар өткізеді. Атап айтсақ, жақында ғана Боралдай кенттік кітапханасында 2022 әскери бөлімінің командирі

Е. Каленов пен 2022 әскери бөлімінің аға офицері

Ә. Муратхан және

2022 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері арасында «Кітап алмасу», яғни «Буккорсинг» акциясын өткізді.

Акция барысында әскери қызметкерлер қайтадан жаңғыртылған қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, жалпы ұлттық құндылықтар жайлы кеңінен әңгіме қозғап, жастарды отаншылдыққа, өжеттілік пен батылдылыққа, сонымен бірге имандылыққа, ілтипаттылыққа тәрбиелеу жөнінде ой бөлісті. Әскери бөлімдегі ішкі тәртіп, жауынгерлердің білімділігі, біліктілігі, олардың Отанына, еліне, жеріне деген адалдығы жайында да әңгіме айтылды. Кітап алмасу барысында жауынгерлерді кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, олардың оқуға қызығушылықтарын арттыру бағытында жүргізілген іс-шаралар атап өтілді. Мұнда жауынгерлердің әрқайсысы өздері оқыған кітаптарының мазмұнын айтып, ол жөніндегі ойларын көпшіліктің талқысына салды.Шара соңында әркім өзі оқыған кітабын қасындағы досына сыйлап, бір- бірлерімен кітап алмасты.

 

2022 әскери бөлімі

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close