Аудан жаңалықтарыҚоғамСпорт

ҮЛГІ БОЛАР ҮЛКЕН ІСТЕР

Өткен аптада аудандық жасөспірімдермен балалар спорт мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай  аудандық Ішкі істер басқармасы мен ауылдық учаскелік полицейлер, Боралдай, Междуреченскі, Жетіген ауылдық жедел бөлімі  арасында кіші футболдан жарыс өтті. Онда аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Сағатов Самат Сәлімұлы қызметкерлерге 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, желтоқсан оқиғасында қаза болғандарға бір минут үнсіздік жариялағаннан кейін, ойынға  қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Сын сағатта жақсы ойын өрнегін көрсеткен тергеу бөлімшесінің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Жетіген ауылдық полиция бөлімшесі командасының жігіттері қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Междуреченскі ауылдық полиция бөлімшесі  командасы иемденді.

Спорттық шараны қорытындылаған аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Сағатов Самат Сәлімұлы жеңімпаздарға Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Айта кетейік қазіргі күні жас шәкірттердің дұрыс біліммен өз құқығын танып, азаматтық құқығын қорғауды  терең түсініп, болашақта адамзаттың танаштығын қорғауы үшін аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектепте ашылған жас полицей кадет сыныбында патриоттық тәрбиеде дәріс оқып, подполковник С.Сағатов пен ювеналдық полицейлердің тікелей араласуымен сынып сағаттарын өткізуде.

Жалпы ауданда кадет сыныптарының құрылуы бірінші кезекте патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған. Мектеп кадеттері – аудан мақтанышы. Әр іс-шара жас әскери қызметкерлердің қатысуымен өтеді. Сабақ соңында әдеттегідей кадет сыныбы алдыңғы топ ағаларына алғыс айтылса, полиция қызметкерлері жасөспірімдерге Отанымыздың лайықты азаматтары болып өсуді тілекші болуда.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button