ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛДЫ, СЕНІМ АҚТАЛДЫ

0
79

Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Жөргенбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б. Қарасаев, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Закиржанов, аудандық депутаттық фракция жетекшісі, Саяси кеңес Бюросының мүшесі Е. Тұрымбетов, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ә. Исаев, облыстық мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты. Іле аудандық партия филиалының төрағасы Б.Қарасаев жиынға қатысушыларды жаңа тағайындалған «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Жөргенбаевпен таныстырып, қысқаша еңбек жолына тоқталды. Сонымен қатар Б.Қарасаев ауданның әлеуметтік-экономикалық өсу қарқыны, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылдарды газдандыру, жол салу тағы басқа мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, өзекті мәселелер – 3 ауысымды оқытуды шешу бойынша 6 мектеп құрылысы жүргізілетіні, саяжай мәселесінің басты назарда екені  жайлы айтты. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Жөргенбаев кездесу барысында Партияның алға қойған міндеттеріне тоқталды, сонымен қатар, «7 серпін» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру  барысындағы үлкен міндеттер тұрғаны жайлы айтты және партияластарға қажырлы еңбектеріне табыс тілеп, сенім білдірді. Жиын барысында партия ардагері Е. Тұрымбетов Іле ауданы партия мүшелері атынан Жанболат Әкебайұлының қызметіне табыс тілеп, партияластар келешекте де партия жұмысында берілген тапсырмаларды сапалы, уақытылы орындайтыны, әрқашан білдірген сенімді ақтайтыны жайлы айтты. Шара соңында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Галимова София Бақтығалиқызын партия жұмысы саласындағы көп жылғы қажырлы, жемісті еңбегі үшін «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттады және  партияға қабылданған партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін тапсырды.

 

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы