Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ШАТТЫҚҚА ШЫН КҮЛКІ ЖАРАСАР

Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейінің акт залында аудандық жастар ресурсы орталығының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында Іле ауданының әкімінің кубогы үшін аудан көлеміндегі көңілді тапқырлар клубтары кездесіп өзара сайысты. Көңілді жиынның негізгі мақсаты жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайту. Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. Іс-шараға өңірдің үздік командалары, көңілділер мен тапқырлар Іле ауданы көрермендеріне жарқын мереке мен жайдарлы күлкі сыйлады. Әрбір команданың әзілі орынды да тұшымды болды.

Қараой ауылынан келген құрама көрерменнің ерекше ыстық ықыласына бөленді. Олардың әзілін көрермен жақсы бағалады. Жігіттер өтегендік көрерменнің ұнағанын айтты. Қараойлықтардың әзілі сан алуан тақырыпта өрбіді. Сахнаға алғаш рет шыққан жергілікті Энергетик командасының көрерменге сыйлаған көңіл-күйі ерекше. Тәжірибесі болмаса да, өнерге деген талпыныстары бірден байқалады. Олардың әзілдерінің көбісі мектеп пен балалық шақ тақырыбын қамтыды. Ал, Ащыбұлақ ауылдық округінен келген команда да көп қалжыңдады. Елдің ықыласына бөленді. Қазақтың кейде қазымыр қалжыңға жақын екенін дәлелдеп бақты.

Сонымен қатар барлық команданың өз ерекшеліктері болды. Қортындылай келе І-орын- Қараой ауылдық округі 30000 тг сертификатқа, ІІ- орын Энергетик ауылдық округі 20000 тг сертификатқа, ІІІ орын Ащыбұлақ ауылдық округі 10000 тг сертификатқа ие болды.

 

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button