Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ЖАС ҰРПАҚ КЕЛЕШЕК ҚОЖАСЫ

Балабақша барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала біздің болашағымыз, бала қуанышымыз. Мектепке дейіңгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан жақты білім алуын, белсенді шығармашыл болуына тікелей балабақша мен тәрбиешілерге байланысты. Балабақша білім мен ортаға бейімделудің тірегі бастамасы десек ал тәрбиешілер балабақшаның жүрегі. Яғни, олардың қасында бала тағдыры тұрады. Балабақшаның негізгі бағыты баланың жеке тұлға ретінде дамуына және денсаулығы психологиялық деңгейіне тиімді жағдай туғызуы. 2018 жылдың 1 қарашасынан Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округі Қоянқұс ауылы.

«Кәусәр – бұлақ» бөбекжай балабақшасы жұмысымызды бастадық. Біздің ұжымымызда 20-ға жуық қызметкер қызмет атқаруда. Балабақшада 125-бала, 5-топқа бөлінген. Біздің тәрбиешілеріміз балабақша бүлдіршіндеріне жан жылуын бере отырып, еңбек етіп жүрген жандар. Тәрбие жұмысы жан-жақты болуы заман талабына сай. Осыған байланысты біздің балабақшада көптеген іс-шаралар, ертеңгіліктер, ата-аналармен бірлескен іс-шаралар, семинар, кеңестер өткізіліп тұрады. Бүлдіршіндердің қызығушылықтарын арттыру барысында балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері түрлі бағыттағы аудандық, республикалық іс-шараларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр. Айта кетер болсақ Республикалық «Үркер» және «Пони» зияткерлік марафонына қатысып жүлделі болды. 2019 жылдың Сәуір айында өткен «Самға» Республикалық өнер байқауында би номинациясы бойынша бас жүлдені алды. Ал аудандық балаларды қорғау күніне арналған мерекеде біздің тәрбиеленуші балалар барлық номинацияларға қатысып жүлделі орын алды. Сонымен қатар Алматы қалалық қарттар үйінің ұжымы ұйымдастырған іс шараға өнерлерін көрсету үшін біздің бүлдіршіндерімізді арнайы шақырып бүлдіршіндеріміз өнерлерін көрсетіп үклендердің алғысын алып қайтты. Біздің бүлдіршіндеріміз ғана емес тәрбиешілерімізде аудандық семинарларға қатысып арнайы сертификаттар мен марапатталды.

Бала біздің болашағымыз, Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Жас ұрпақ келешек қожасы. Болашағымыз бен келешегіміздің қожасы, біздің бүлдіршіндерімізді білімді мәдениетті иманды қарапайым етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз.

 

Сағадат ҚАЙЫҢБАЕВА,меңгеруші

Басқа жаңалықтар

Back to top button