Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

2020 жылы әлеуметтің әлеуеті артады

Президент Қазақстан халқына Жолдауында АӘК төлем механизмін әділ және жұмыс істеуге ынталандыратын етіп түзетуді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізуді тапсырған болатын. Мұндағы басты мақсат —  көмекке мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету.

 Осыған сәйкес, үкімет  ең алдымен балалар мен көп балалы отбасыларға жәрдемдеседі. Ал еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмыс табуға немесе шағын бизнеспен айналысуға да септіктерін тигізуге дайын.  Бүгінгі таңда облыста 43 мыңға жуық отбасыда 4 баладан  бар.

Осы сияқты көп балалы отбасыларға қолдау республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл қаражат барлық үлкен отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар) олардың табысына қарамастан төленеді деп көрсетілген заңнамада.

Әлеуметтік көмектің  мөлшері бала санына байланысты әр балаға шаққанда 10-11 мың теңгеден және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған ұқсас жәрдемақының мөлшерінен 4-7 еседей көп болады. Бүгінгі күнге дейін 43 441 отбасына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды, 1 937 миллион теңге төленіп үлгерген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 31 644 баланы кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен (бұдан әрі — ӨЖ) қамту жоспарланған, бұл мақсатта 3,7 млрд. теңге бөлінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button