ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІ Б. ҚАРАСАЕВТЫҢ 2019 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

0
166

Іле өңірінің 2019 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы ауданның даму бағдарламасының арнайы индикаторларының орындалғандығын дәлелдейді.

Өткен жылы 269,8 млрд.теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты өнім көлемі 100,2 пайызды құрады.

Облыстың тауарлы өндіріс көлемінде ауданның өнеркәсіптегі үлесі 31,4 пайызды құрады.

Өнеркәсіп құрылымында 94,7 пайызды құрайтын қайта өңдеу саласы басымдылық көрсетіп, 255,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Облыс бойынша үй құсы етін, темекі өнімдерін, фармацевтикалық препараттарды, қағаз және гофра картон қаптамаларын, алюминь жабындысын және шыны ыдыстарды шығаруда ауданымыз жетекші өндіруші болып табылады.

Аса ірі жүйе құрушы кәсіпорындар қатарына «Филип Моррис Каазахстан» «Джей Ти Ай Казахастан», «Раймбек Агро», «Галанз Ботлерс», «Первый Пивзаод» және «Берикал Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері кіреді. Бұл алты кәсіпорын есеп беріп отырған мерзімде 130 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл ауданның барлық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 48,2 пайызын құрайды.

Өткен жылы 19 жаңа өнеркәсіп нысаны пайдалануға беріліп, жұмыс істейтін 18 өндіріс кеңейтіліп, 629 жаңа жұмысшы орны ашылды.

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 83 млрд. теңгені құрады (ИФО-102,2 пайыз) немесе облыстық көлемде 10,4 пайыз болды.

Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 710 гектарға ұлғайып, ол 69843 гектарды құрады. 2018 жылмен салыстырғанда дәнге арналған жүгері алқабы 235 гектарға, картоп алқабы 180 гектарға, көкөніс алқабы 65 гектарға, соя алқабы 200 гектарға, сүрлеуге арналған жүгері алқабы 30 гектарға ұлғайды. Алайда күнбағыс алқабы 280 гектарға және сұлы алқабы 430 гектарға азайып қалды. Осыған байланысты 67864 тонна (ең алғашы салмағы бойынша) тонна дәнді дақылдар өндірілсе, оның ішінде 45641 тонна дәнге арналған жүгері өндірілді.

Ауданда жалпы аумағы 11,5 гектарды алатын 458 жылыжай жұмыс істейді. Осы жылыжайларда 490 тонна көкөніс өсіріліп және жиналды. Бұл 2018 жылға қарағанда 106 пайызға артық.

Ауданда жалпы сыйымдылығы 11,5 мың тонна болатын 9 көкөніс қоймасы және жалпы сыйымдылығы 5,1 мың тонна болатын картоп қоймасы жұмыс істейді. Есеп беріп отырған мерзімде 11,5 мың тонна көкөніс, 4,4 мың тонна картоп сақтауға қойылды.

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші кәсіпорындар немесе шаруа қожалықтары жалпы көлемі 235 млн. теңге болатын 19 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

Өткен жылы ауданда шошқадан басқа төрт түлік малдың барлық түрі және құс басы көбейді. 85 мың тонна ет (2018 жылға қарағанда 105,3 пайызға артық), 51 мың тонна сүт (110,5 пайыз), 144,5 млн. дана жұмыртқа (78,2 пайыз) өндіріліп, 374 тонна (100 пайыз) жүн өткізілді.

Ауданда 800 бас малға арналған 4 бордақылау алаңы, 925 бас ірі қараға арналған 3 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді.

2019 жылы 76 рет ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, онда 205 млн. теңге өнім сатылды.

Сібір жарасы, аусыл, шешек, құтыру, құс гриппі сияқты 96 мың бас қой 1,8 мың бас түйе, 117 бас жылқы және 9,1 мың бас шошқа диагностикалық тексеруден өткізілді. Оның ішінде 205 мүйізді ірі қарадан, 338 қой мен ешкіден ауру табылды.

Аудандағы шағын кәсіпкерлік нысанның саны 10891 бірлікті құрайды. Мұнда 36 мыңнан артық адам жұмыс істейді. Ол ауданның экономикалық белсенді тұрғындарының 38 пайызы болады. Бұл кәсіпорындар 227,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Осылайша аудан бюджетіне 21,7 млрд. теңге салық түсірілді.

Бөлшек сауда көлемі 57,1 млрд. теңге деңгейіне жетті. Есеп беріп отырған мерзімде 62 жаңа нысан құрылды. Соның нәтижесінде 350 жаңа жұмысшы орны ашылды.

Негізгі капиталдың инвестиция көлемі 65,3 млрд. теңгені құрады, нақты өнім индексі 107,9 пайыз болды. Инвестицияның негізгі көлемі, яғни 63,2 млрд. теңге немесе 93,2 пайызы бюджеттен тыс қаржы есебінен игерілді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық (2018 жылы 52,8 млрд.теңге болатын). Яғни, бюджеттен тыс қаржы көлемі 91 пайыздан 93,2 пайызға дейін артты.

Салық жинау және бюджеттің басқа да міндетті төлемдері 99,1 пайызға орындалып, 250,1 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджетке 118,8 млрд теңге түсіріліп, ол 98 пайызға жетті. Жергілікті бюджетке 132,5 млрд. теңге түсіріліп, 100,2 пайыз болды. Облыс бойынша алғанда ауданның жергілікті бюджетке түсірілген үлесі 56,8 пайызды құрайды.

 

Өткен жылы ауданның бюджеті шығыс бойынша 30,1 млрд. теңгені құрады, немесе ол 99,7 пайызға орындалды. (2018 жылы 99,9 пайыз болған).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 26,9 млрд. теңгені құрап, нақты өнім көлемі 101 пайыз болды. Өткен жылы 114,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл 2018 жылға қарағанда жеке тұрғы үй құрылысы есебінен 108,8 пайызға артық болды. Өтеген батыр кентінде 60 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1407 шақырымды құрады, (оның ішінде 230 шақырым республикалық маңызы бар, 303 шақырым облыстық маңызы бар жолдар және 815 шақырымы аудан ішіндегі көшелер мен жолдар). Аудан ішіндегі 815 шақырым көшелер мен жолдардың 99 пайызына асфальт төселді, қалғаны жайдақ жер. 2019 жылы жалпы пайдаланыстағы автомобиль жолдарын жөндеуге және оны қалыпты жағдайда ұстауға 898,6 млн. теңге бөлініп және игерілді. Жалпы сомасы 821 млн. теңге болатын 22 көше жөндеуден өткізілді, оның ішінде 2 елді мекендегі 19 көшенің 14,7 шақырымына орташа жөндеу жұмысы, 2 елді мекендегі 3 көшеге немесе 3,5 шақырымға ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

Мұның сыртында Байсерке ауылына баратын жолдағы теміржолдан өтетін жерде жер асты жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілуде, ол жұмыс 2020 жылы да жалғасатын болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында Өтеген батыр кентінің саябақ аймағын және жалпы Энергетический округінің аумағын көріктендіру жұмысы аяқталды. Сонымен қатар 2 елді мекенде (Қарасу және Қараой) сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жасау жұмысы аяқталды. Бұл жұмыс үстіміздегі жылы Жәпек батыр, Жаңадәуір, Жауғашты ауылдарында жалғасатын болады. Мұның сыртында Өтеген батыр кентіндегі кәріз жүйесі мен кәріз насос станциясының құрылысы басталды. Алайда жобалау құрылыс құжатына түзету енгізілгендіктен бұл жұмыс уақытша тоқтатылып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үстіміздегі жылға жоспарланды.

Жаңадәуір ауылында электр желілерінің құрылысы жөніндегі жұмыс аяқталып, Еңбек, Ынтымақ және Көкқайнар ауылдарында бұл жұмыс үстімізде жылы жалғасатын болады.

Ауданымызда еңбек нарығындағы қалыпты жағдай сақталуда. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясындағы тұрғындарды еңбекпен қамту жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 2019 жылы нәтижелі экономикалық белсенді адамдардың саны 99,8 адам болса, оның ішінде 95,5 адам жұмыс істейді, 19,6 адам өз бетінше еңбек етеді. Тұрғындардың ішінде өз кәсіптерімен айналысатындардың үлесі 20,5 пайызды құрайды. Жалпы жұмыссыздардың саны 4,3 пайызды құрайды.

Аудан экономикасында жоспардағы 3386-ның орнына 3406 тұрақты жұмыс орны ашылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруға 2019 жылы 1624 адамға 308,7 млн. қарастырылған болатын, ал негізінде 1668 адам қамтылды.

Бағдарлама аясында қысқа мерзімдік курсқа және техникалық білімі бар кадр-ларды тегін даярлықтан өткізуге 558 адам жіберілді, оның 473 адам 13 мамандық бойынша 3 айлық қысқа мерзімдік курсқа жіберіліп, оқытылды. Оның 454-і (96 пайыз) жұмысқа орналастырылды. Техникалық білімі бар 85 кадр 4 мамандық бойынша тегін даярлықтан өтті. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 921 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды. Оқыған адамдардың ішінде 106 адам жалпы сомасы 445,1 млн. теңгеге шағын несие алды.

Бизнес идеяны жүзеге асыру үшін 193 адамға жалпы сомасы 77,3 млн. теңге болатын мемлекеттік грант берілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 104 адам, ауданның 60 мекемесінде жастар практикасынан өтуге 172 түлек және қоғамдық жұмысқа 350 адам жіберілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбектің электрондық биржасы іске қосылған болатын. Онда ауданның 200 мекемесінен 1373 ваканция орналастырылып, 752 жұмыссыз жүрген адамдар өздерінің түйіндемелерін жіберді.

Жалпы сомасы 2678 млн. теңге болатын 4604 отбасыға (19035 адам) жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек төленді. 641 отбасы жалпы сомасы 16,3 млн. теңгенің тұрғын үй жәрдемақысын алды.

Ұлы Отан соғысының 13 ардагеріне коммуналдық қызмет 1,0 млн. теңге көлемінде өтемақы және 6,5 млн. теңгеге 1 реттік жәрдемақы төленді.

Жыл сайын ауылдық жерлерде тұратын білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт қызметкерлеріне отын сатып алу үшін ең төменгі есептік көрсеткіштің 5 есе көлемінде (2225 теңге) өтемақы берілді. Жалпы сомасы 59,5 млн. теңге болатын мұндай көмекті 4710 адам алды.

Тұрмысы төмен отбасынан шыққан 3 студент облыс әкімінің гранты (2,2 млн.теңге) бойынша жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Өткен жылы 10053 азаматтарға, мүгедектерге, пенсионерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қайырымдылық көмек ретінде жалпы сомасы 2,5 млн. теңге көлемінде күнделікті қажетті товарлар мен азық-түлік берілді.

Ауданда 4753 мүгедек болса, оның 2728-і қосымша көмек алды. Оның ішінде 975 адам санаторияда денсаулығын сауықтырса, 111 адамға кресло арба, 81 адамға сурдо-техникалық аппарат, 1205 адамға гигиеналық заттар, 356 адамға протездік-ортопедиялық құралдар берілді.

222 жалғыз басты қарттар мен мүгедек адамдарға, мүмкіндігі шектеулі 188 балаға үйде әлеуметтік қызмет көрсетілді, өздігінен жүре алмайтын бірінші топтағы мүгедек 278 адамға арнайы жеке көмек, 62 адамға ыммен түсіндіру тілі мамандарының көмегі көрсетілді.

Аудан денсаулық саласының бюджеті 3,9 млрд. теңгені құрады. Ауданда 34 мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінде 665 дәрігер және 1643 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 100 мың тұрғын 30,6 дәрігермен, 75,7 медициналық қызметкермен қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 104,2 млн. теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды.

Ауданның медициналық мекемелерін санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету 100 пайызды, медициналық бағыттар жабдықтар және бұйымдармен қамтамасыз ету 74 пайызды құрайды.

М. Түймебаев ауылында 100 адмға арналған дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта біздің ауданда өттегі тасты, соқыршекті алуда, жамбас сүйектегі ауруларға ота жасауда шағын инвазивтік әдістер кеңінен қолданылады. Ауданымызда нәрестелердің дүниеге келуінің (5000), жүкті әйелдердің көбеюіне байланысты 125 төсекке және 150 келушілерге арналған перзентхана үйінің құрылысын бастау жұмысы шешілді.

Ауданымызда жаңа әдістерді, орта медициналық қызметкерлердің өкілеттілігін амбулаториялық-емханалық қызметте пайдалану жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің жұмысын іске қосу бойынша міндетті медициналық сақтандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту медицина қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

2019 жылы білім беру саласының бюджеті 18 млрд. теңгені құрады. Бұл 2018 жылға қарағанда 19 пайызға артық (2018 жылы 15,1 млрд. болатын). Ауданда 53 жалпы білім беретін мектеп болса, оның 48-і мемлекеттік, бесеуі жеке білім беру мекемесі онда 56602 оқушы оқиды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4383 оқушыға немесе 8,4 пайызға артық.

Балалар санының көбеюіне байланысты 15 мектеп, 3 ауысымдық режим бойынша жұмыс істейді. (Қоянқұс ауылындағы №1, Жәпек батыр ауылындағы №4, Байсерке ауылындағы №9, Қараойдағы №18, Қосөзендегі №14, Междуреченскідегі №16, Боралдай кетіндегі №15, №17, №23, Түймебаев ауылындағы №19, №20, Көкқайнар ауылындағы №29, №44, Жаңаталаптағы №25, Өтеген батырдағы №38 мектептер.

Үш ауысымдық білім беруді жою мақсатында Жетіген ауылындағы №34 орта мектепте 300 орындық жапсарлас құрылыс аяқталды. Түймебаев ауылындағы №19 орта мектепте 300 орындық жапсарлас мектептің құрылысы жүргізілуде және төрт мектепте осындай құрылыс басталды. (Боралдай кетіндегі 300 орындық, Жапек батыр және Қосозен ауылдарында 600 орындық, Қараой ауылында 900 орындық).

Екі мектепке күрделі жұмысы жүргізілді (Байсерке ауылындағы №9, Боралдай кетіндегі №15 орта мектептері).

Біріңғай ұлттық тестілеуге 1161 түлек қатысты, бұл 76,8 пайызды құрайды, ҰБТ-дың орташа балы – 90,7, көрсеткіш – 1,5 балға өсті. Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша 143 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 65 түлек үздік аттестатқа ие болды. Аудан бойынша оқушылардың білім сапасы 66,5 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға көп.

Іле ауданының 32 мектебіне, көрші аудандардың 7 мектебін қосқанда 7630 бала тасымалданып оқытылады.

Ауданның 42 мектебінде 52967 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Немесе бұл көрсеткіш 94,2 пайызды құрады. Оның ішінде жетім балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы 5696 бала жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін тамақтандырылады. 3 мектептегі (№19, №41, №30) 1694 бала мектеп ішіндегі асханадан тамақтанады, ауданның 2 мектебінде (№23, №33) буфет пен асхана жоқ.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша аудандағы барлық мектептердегі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшті және олардың қамтылуы 81 пайызды құрады. 798 бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өтті, яғни 1, 2, 3 сыныптарды оқытатын мұғалімдер 100 пайыз осы курстармен қамтылған және сертификаттары бар. 3480 пән мұғалімі жаңартылған бағдарлама бойынша курстардан өтті, яғни пән мұғалімдерінің 80,5 пайызы қамтылды.

2015-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес, физика, химия, биология және информатика мұғалімдері үштілділік курстарында білім алуда, бүгінде 93 мұғалім тілдік курстардан өтті. №28 гимназия мен №14 орта мектептерде үштілділікті енгізу үшін физика және химия пәндері факультативті сабақ ретінде үш тілде оқытылады.

Оқу жылының басынан бастап аудандағы 30 пилоттық мектептерде 65 ағылшын тілі мұғалімдері физика, биология және информатика пәндері бойынша факультатив сабақтар өткізіледі.

Жаңа оқу жылының басында аудан мектептерінде 4559 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде 401-і жоғары санатты, 692 бірінші санатты, 844 екінші санатты, 3760 жоғары білімді мұғалім, 484 орта арнаулы білімді, 96 аяқталмаған жоғары білімі бар мұғалімдер.

Аудан мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны — 438, оның ішінде мүгедектер — 304, 217 бала үйде оқиды, олардың 168-і мүмкіндігі шектеулі балалар.

Ауданның 31 мектебінде инклюзивті білім беру әдісімен 135 бала оқиды, олармен 30 дефектолог және 30 логопед жұмыс істейді. Инклюзивті білім алуға жағдай жасаған мектептердің үлесі 98 пайызды құрайды (өткен жылы – 52 пайыз болған).

№24 лицей базасында Республикалық қайырымдылық «Дара» ұйымының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 150 баланы қамтитын түзету кабинеті ашылды.

Аудан мектептеріндегі компьютерлер саны – 5240, бір компьютерге – 11 оқушыдан келеді. Жаңа модификацияланған 73 кабинет және 46 тілдік-мультимедиялық кабинеттер бар. Жаңа модификацияланған және интерактивті жабдықтармен қамтамасыз ету 86 пайызды құрайды.

Ауданның 5 мектебі барлық робото-техникалық құралдармен жабдықталған (№24 лицей, №20 мектеп, №26, №36, №40). 2019 жылы №13 және №47 орта мектептерде IT-сыныптары ашылды.

Бүгінгі таңда Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес мектептерде қосымша білім беру «KazRoboQuest» балалар университетінің жобасы бойынша факультативті сағаттар өткізіледі.

Халық арасында цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында ІТ-мамандарын даярлау жобасы жасалды. Талдықорған қаласындағы ІТ-орталығының базасында информатика пәнінің 176 мұғалімдерінен 42 педагог біліктілігін арттыру мақсатында робото-техника курсынан өтті.

№13 орта мектептің базасында аймақтағы барлық мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Интерактивті технологиялардың IT-орталығы» ашылды. Бұл орталықтың жұмысы заман талабына сүйене отырып, өз мұғалімдердің сабақтарында IT-технологиялары мен интерактивті тақталардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға үйретуге бағытталған.

Аудандағы 48 мектептің барлығы Интернетке қосылған. Оның ішінде 40 мектептің облыстық және республикалық деңгейлердегі семинарлар мен сабақтарға қатысу үшін онлайн режиміне өту мүмкіндігі бар. 39 мектепте мұғалімдер мен оқушылар «BilimLand» сандық білім беру ресурсының материалдарын тегін пайдаланады.

Білім беру саласында 161 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. (9 мемлекеттік, 149 жеке және 3 шағын орталық), онда 7 жасқа дейінгі балаларды қамту 97,5 пайызды құрады. (2018 жылы -96,3 пайыз болған).

Ауданда 17 мәдени нысан мен мұрағат жұмыс істейді, оның ішінде 12 кітапхана, 4 Мәдениет үйі мен клуб және 1 мұрағат бар. Мәдениет нысандары өткен жылы 2221 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізді. 4 Мәдениет үйінде 937 қатысушысы бар 37 үйірме жұмыс істейді.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында ауданда 321 спорт нысаны жұмыс істейді. Аудан көлемінде жасөспірімдер мен спорт мектебінде спорттың 14 түрі бойынша жұмыс жүргізіліп, оған 1482 спортшы тартылған. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы гандбол мектебі құрылды, онда 607 бала гандболмен айналысады. 2018 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 30 пайызды құрады.

Өткен жылы ауданда 155 спорттық іс-шара өткізілді. Аудан спортшылары 39 облыстық, 17 республикалық, 5 халықаралық жарыстарға, 2 Азия чемпионатына, 4 Әлем чемпионатына қатысып, 234 жүлдені жеңіп алды (51 — І орын, 87 — ІІ орын, 96 — ІІІ орын).

2019 жылдың 11 айында облыста 2749 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді (төмендеу -24,1 пайыз, 3624), оның ішінде ауыр қылмыс 163 (+ 5,8 пайыз), әсіресе ауыр 11 (-2,5 есе). Өткен жылмен салыстырғанда ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы 5,0 пайыз -дан 6,3 пайызға дейін өсті.

Ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтарын құру үшін біздің аудан Алматы агломерациясы аймағына Алматы қаласының орталығымен бірге кіреді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көлік және коммуникация, су шаруашылығы, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау» төртінші басымдығы аясында 2012 жылдан бастап жергілікті халықтың қатысуымен іріктеу жүргізілетін жобаларға (іс-шараларға) қаржылық қолдау көрсетілді. 12 ауылдық елді мекенде жалпы құны 169,3 млн. теңге болатын 17 жоба іске асырылды.

2019 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жобасы бойынша 7000 адамды қамтыған 275 шара өткізілді.

Әлеуметтік желілерде (әкімнің сайты, инстаграмм, фейсбук, в контакте) 1500 жарияланым аудан әкімдіктерінде, білім, мәдениет, спорт және ішкі саясат бөлімдерінде жарияланды. Аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында 40 мақала жарияланды. Есепті жылы конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді.

Ауданда 4 этномәдени орталық, 51 діни бірлестік, 17 белсенді үкіметтік емес ұйым бар. Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Есепті кезеңде аудан әкімдігі өз жұмысының стилі мен тәсілін жетілдіруге ерекше назар аударды. Жұмыс тиімділігі, тиімділігі арта түсті. Әкімдіктің отырыстарында үнемі өзекті мәселелер қаралады. Өткен жылы әкімдіктің 12 отырысы, 36 аппараттық мәжіліс өткізіліп, 3 нормативтік құқықтық акт қабылданды.

Есепті жылы облыс әкімдігі қызметінде кадрлармен жұмыс мәселелері маңызды орын алды. 2019 жылы әкімшілік бос лауазымдарға орналасуға 121 ашық конкурс өткізілді, оларға 98 адам қатысты, 76 лауазымға тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысындағы филиалында 44 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өтті. 206 мемлекеттік қызметкердің 96 пайызының немесе 198 адамның жоғары білімі бар. 8 адамның орта арнаулы білімі бар. Мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі — 8,7 жыл.

Сонымен қатар, кадрлармен жұмыс кезінде кемшіліктер бар, бұған дәлел — 2019 жылы 25 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды.

Әкімдік қызметінің маңызды бағыты — азаматтардың өтініштерімен жұмыс.

2019 жылы аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2614 өтініш келіп түсті (2018 жылы — 1680), бұл 2018 жылмен салыстырғанда 984 өтінішке көп.

Өтініштердің көпшілігі жер және жер пайдалану мәселелері, тұрғын үй, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, сумен жабдықтау) мәселелеріне қатысты болды.

Аудан әкімінің қабылдауында 376 адам болды (2018 жылы — 109), 112 өтініш бойынша оң шешім қабылданды, 264 мәселе бойынша түсіндірулер берілді.

Аудан әкімінің жеке блогы арқылы халықпен байланыс жақсарды. 2019 жылға аудан тұрғындарынан 446 өтініш келіп түсті. Барлық келіп түскен өтініштерге уақытылы жауап берілді.

2020 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемін 330 млрд. теңгеге, оның ішінде қайта өңдеу өнеркәсібін 313 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. 22 өндірістік нысанды пайдалануға беру және 750 жаңа жұмыс орнын құру арқылы 19 нысанды кеңейту жоспарлануда.

Егіс алқабының көлемін 70653 гектар (810 гектар), тамшылатып және жаңбырлатып суару арқылы егіс алқабын 820 гектарға дейін, асыл тұқымды малдың үлес салмағын 25 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

Шағын және орта бизнес одан әрі дамытылады. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарды өндіретін өнім көлемін 263 млрд. теңгеге жеткізіп, бюджетке салық түсімін 30 млрд. теңгеге жеткізу көзделінуде.

Бағалар мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жұмыс жалғасады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 150 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру қамтамасыз етіледі.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі жұмыс одан әрі жалғастырылады. Өз бетінше жұмыс істейтіндердің үлесін 20,4 пайызға дейін, жұмыссыздық деңгейін 4,2 пайызға дейін төмендету жөнінде жұмыс жүргізіледі.

Ауылдарды дамытуға ерекше назар аударылатын боламыз, бұл жұмыс елімізді дамытудың 2020 жылға дейінгі аумақтық кеңістіктік болжау сызбасы аясында жалғасатын болады.

Біздің барлық бағдарламаларымыздың өзегі — аймақ тұрғындарының мәселелерін шешу, мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту. Бұл үшін қажетті әлеуеттік жағдайымыз бар. Біздің ортақ міндетіміз — жоспарланғанның бәрі орындалуы үшін оларды барынша пайдалану. Бұл ауданның өткен жылғы даму қорытындылары мен 2020 жылға арналған негізгі міндеттері.