ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТ

0
62

Жетіген ауылдық округінің әкімі Нұрлан Әбілұлы 2019 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Жетіген ауылы аудандағы ауылшаруашылығы дамыған, жемі мен көкөніс өсіру және агроөнеркәсібі дамыған өлкенің бірі. Округ аумағы 151 218,29 га құрайды, оның ішінде: Жетіген ауылы – 2 256,26 гектар, Жаңаарна ауылы – 143,43 гектар, Құйған ауылы – 111,28 гектар, Еңбек ауылы – 159,03 гектар және Қайрат станциясы. Экономикалық белсенді халықтың үлесі ауыл шаруашылығының жекелеген салаларында жұмыс істейді.

Аудандық статистика басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта округте 260 фермерлік шаруашылық жұмыс істейді. Оның ішінде: 35 – мал шаруашылығы бағытындағы фермерлік шаруашылықтар, 225 – өсімдік шаруашылығымен айналысатын фермерлік шаруашылықтар.

Округ бойынша кәсіпкерлік саласында – 121 жеке кәсіпкер тіркелген. Халықты азық-түлікпен, бірінші кезектегі қажетті тауарлармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін өз қызметтерін ұсынады: 82 – дүкен, 12 – кафе және асхана, 9 – шаштараз, 3 – аяқ-киім жөндеу шеберханасы; 2-наубайхана, 7 – дәріхана; 3 – автомобиль жөндеу шеберханасы, 3 – көкөніс сақтау қоймасы, 2 – жанар-жағар май сақтау станциясы.

2019 жылы округте 2 шағын кәсіпкерлік нысаны ашылды: 1 – дүкен және 1 – қоғамдық тамақтану нысаны ашылып, 10 адам жұмысқа орналастырылды.

Жетіген ауылында газ құбырының құрылысын жүргізу кезінде нысанның құрылысына қажетті 32 адамнан, жұмысқа ауыл тұрғындарының 27 адамы тартылды;

Округте нан және басқа да ұн өнімдерін пісіретін 2 шағын наубайхана жұмыс істейді, олардың жылдық өнім көлемі – 474 тонна.

Сондай-ақ, округ әкімі аппаратымен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша Жетіген ауылындағы 8 жолды ағымдағы жөндеу бойынша бюджеттік өтінімдер берілді, олар: Юбилейная көшесі, Жамбыл көшесі, Садовая көшесі, Молдағұлова көшесі, Арычная көшесі, Советская көшесі, Лесная көшесі, Панфилов көшесі, жалпы ұзындығы – 7218 м. құрайды.

Округ бойынша 238 бірлік көше жарықтандыру тіректері орнатылып, Жетіген ауылының 8 көшесін жарықтандыруға 4 100 000 теңге бөлінді.

Ауылдық округте 5 орта және 1 бастауыш мектеп бар. Оқу орындарында 4475 оқушы оқиды. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде – 387 педагог жұмыс істейді.

Округте МКҚК «Балдырған» балабақшасы және 9 жекеменшік балабақша жұмыс істейді, онда 730 бала тәрбиеленуде. Округ аумағында 1 ауылдық аурухана және 4 фельдшерлік пункт бар (Жаңаарна, Еңбек, Құйған, Жетіген). Ауылдық аурухана 75 пациентті амбулаторлық көмек көрсету үшін және тәулік бойы 25 стационарлық төсек-орындармен қамтамасыз етілген. 2 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. 12 дәрігер мен 60 медбике медициналық қызмет көрсетеді.

Ауылдық округте қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау ауылдық округ әкімінің, ауылдық активтің және учаскелік полиция инспекторының тұрақты бақылауында. Учаскелік полиция қызметкерлерінің халық алдында атқарған жұмыстары туралы тоқсан сайын есеп беру кездесулері ұйымдастырылып, өткізілді. Ауылдық әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы өз баяндамасында бір жыл бойғы атқарылған жұмыстарға тоқталып тұрғындар сұрақтарына жауап берді.

Ауылдық әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы өз баяндамасында бір жыл бойғы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып тұрғындар сұрақтарына жауап берді. Аудан әкімі өз сөзін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімізді барлығын толығымен орындадық деп айтсақ болады деп жалғастырды. Оның ішінде оншақты жылдан бері шешілмеген көптеген жерге қатысты мәселелер шешімін тапты. Өнеркәсіп саласы бойынша ең ірі аудандардың бірі екендігімізді барлығыңыз білесіздер. Қазіргі күнде ауданымызда 18 жұмыс істеп жатқан зауыттар мен фабрикалар бар. Соның арқасында жалпы өнім 324 млрд теңгеге  өсті, жұмыс орындары 721-ге көбейді. Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша 11 мыңдай жеке тұлға тіркелген болса, онда 36 мыңдай адам жұмыс істейді. Былтырғы жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғындаға 80-ге жуық үй берілді. Сонымен қатар, Жетіген ауылдық округінде күн сәулесінен қуат алатын электр станциясы іске қосылмақ. Онда 50 МВт энергия алатын екі күн стансасын іске қосу биылғы 2020 жылға жоспарлануда. Тұрғындар мен өндіріс орындарын үздіксіз электр энергиясымен қамту адамдардың әл-ауқатын арттырып, кәсіпорындардың өнімділік қуатын көтереді. Бұл  аудандардың энергияға деген сұранысын реттеуге барынша үлес қосады деген сенімдеміз.

Жұмыстарды саралап, әрбір саладағы жетістіктерді жіктеп айтып берді. Қол жеткізілген табыстарға, атқарылған ауқымды жұмыстарға нақты цифрлармен дәлел келтіре отырып, кеңінен тоқталды.

Жиналыста Жұмағали Қастеков деген азамат ауылда бір ғана жедел жәрдем көлігі бар, ауыл халқына жетіспегендіктен тағы біреу бөлінсе екен деген ұсынысын айтса, Патима Арсмазы, Балия Абдуллаева, Сара Әлменбетова және Сақыпжамал Қорабаевалар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, әкімнен сұрақтарына тиісті жауап алып, риза көңілмен тарқасты.  Баяндамадан соң аудан әкімі Бағдат Қарасаев Жетіген ауылдық әкімінің 2019 жылғы жасаған жұмыстарына берген есебіне оң бағасын берді.

 

         А. ЖАҚСЫЛЫҚ