Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Талдықорғанда «TALDYQORGAN –ADALDYQ ALAṄY» жобалық кеңсесі ашылды

Талдықорған қаласының әкімдігі жанынан TALDYQORGAN –ADALDYQ ALAṄY жобалық кеңсесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің ғимаратында «Open Taldykorgan» кеңсесі ашылды.

Енді қала тұрғындары әкімдіктің бірінші қабатында орналасқан алаңға келіп, шенеуніктерге өтініштерін қалдыра алады, сондай-ақ олармен жеке кездесіп, туындаған мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, хатты adal_taldyqorgan@mail.ru электронды мекен-жайына жіберуге немесе +7 747 246 91 45 нөміріне хабарласуға болады.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаевтің айтуынша, бұл кеңсені ашудағы басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдарды жіберуге қолайлы жағдай жасау арқылы қала тұрғындарын жан-жақты ақпараттандыру.  

Ал, Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов өз сөзінде, әкімдердің күнделікті қабылдауы бұрынғыдай кестеге сай   жалғаса беретіндігін сонымен қатар  «Адалдық алаңына» келген тұрғын қай басшыға кездескісі келсе, еш кедергісіз осы кеңседе жолығып, өз талабын жеткізе алатын болады деп мәлімдеді.

Айта кету керек, «TALDYQORGAN-ADALDYQ ALAṄY» мемлекеттік қызметтер, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, құрылыс сәулеті мен жер қатынастары сынды мемлекеттік қызметтердегі туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button