Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕДЕ

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігімен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді. Біз өзі намысшыл халықпыз. Тіл білетін қазақ – намысшыл. Тіл білмейтін қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу керек. Қайта бауырға тарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Әлемдік бәсекеге түскелі жатырмыз. Домбыраны шерткендей, біздің мықты мамандарымыз да мемлекет ісіне шертіп-шертіп таңдап олардың бірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр.

Тіл мәселесінің өте нәзік екендігі, оның зорлықпен емес тек қана шынайы ынталықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі.

Ал тілдің өзі – тарих тереңіне бойлатып, өнер мен мәдениеттің кәусар бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейту түсу қажеттігі – заңды құбылыс.

«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халықтың топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» — делінген.

Бүгін шын мәнінде ел болашағына, ұлт руханиятының өсіп, өркендеуіне үлкен үлес болып қосылатын жүйелі бағдарлама жобасы жасалды. Ал тілдің өзі – тарих. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі – ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім – қазақ тілі.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

Бұл – ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі.

Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі.

Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің “Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік” -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қаділеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

 

  С.АКТАЕВА,

 Іле аудандық сотының бас маманы, баспасөз хатшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button