Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жалғасын табуда.

Бағдарламаның басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

«Еңбек» бағдарламасының мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс төрт бағыт аясында жұмыстар жүргізуге бағытталды:

1) «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;

2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;

4) «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.

Бағдарламаның бірінші бағыты бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарламаға қатысушылар өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары  көп балалы отбасылардан шыққан балалар, дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және тағы басқа отбасының жағдайы төмен адамдар болып табылады.

Кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен – жатақханаға – 13255 теңге, шәкірт ақы – 16759 теңге және 10604 теңге жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Заңға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдайлар қарастырылған.

1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді, оның ішінде зәкірлік кооперацияны және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы кеңейту;

3) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалалардакредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;

4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

Аталған бағыт бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын және стипендия төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаның үшінші бағыты: жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар, лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру,  жастар практикасын ұйымдастыру және қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс  уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.Ағымдағы жылы бір адамға 52000 теңге жалақыдан белгіленген, субсидия мөлшері айына 18200 теңгені құрайды.

Жастар практикасын ұйымдастыру білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады. Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған. Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие және ұзақтығы 6 айдан аспайды. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушыларға жалақыны қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай ішінде жүзеге асырылады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен айына субсидиялау, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (60125 теңге) (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға жұмыссыздар, жұмыссыздар жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың қатысуға құқығы бар. Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.

 

А. РАХЫМБАЕВ, жұмыспен қамту орталығының директоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button