Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамТұлға

ЕРЛІГІҢ ҮШІН МЫҢ ТАҒЗЫМ

Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл толып отыр. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы Республикалардың азаматтарымен қатар Қазақстандықтарда қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн. 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрыңғы Кеңес Одағының 27 милионға жуық адамын жамаған қанды қырғында елімізден атанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекіткен ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын,оның 100-ден астамы қазақтар.

Осы айтылған батырлардың арасында аты шықпай қалған батыр ардагерлер қаншама. Соның бірі, 1923 жылы Алматы облысы Үшарал қаласында дүниеге келген Нұрмұхамбетов Темірғали еді. Осы кісінің ерлігін айтар болсақ, сонау сұрапыл соғыста өзіне бекітілген «максимка» атты пулеметімен 120 неміс  фашист әскерін тоқтатып, жаудың бетін қайтарған. Осы ерлігі үшін Нұрмұхамбетов Темірғали Ұлы Отан Соғысының 40-жылдығына орай 1-ші дәрежелі Даңқ Орденімен марапаталған. Егерде еліне сіңген ерлігін ескеріп қарастырып көрер болсақ, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болар еді.

 

Д. МЫРЗАҒҰЛОВ, 2125 әскери бөлімінің

әскери қызметшісі, сержант

Басқа жаңалықтар

Back to top button