Алматы облысының жаңалықтарыДенсаулықҚоғам

Алматы облысында науқастарды ерте диагностикалау деңгейі 23,0% құрады

Бүгінгі таңда Алматы облысы бойынша 2 онкологиялық диспансер жұмыс істейді.

Оның бірі Алматы да, екіншісі Талдықорған қаласында орналасқан. 

Қатерлі ісік күннен күнге жасарып барады деп дабыл қаққан мамандар жыл сайын тұрақты түрде «ашық есік» күндерін өткізіп, сондай-ақ ауылдық, оның ішінде шалғай елді мекендерге көшпелі мобильді мамандар тобын жіберіп, аурудың алдын алу жолдарына кіріскен.

 Мәселен, Текелі қаласы, Қаратал және Сарқан аудандарында 374 тұрғындарды тексеруден өткізіп, оның ішінде 75  адамнан әр түрлі аурулардың патологиялық белгілерін анықтаған.

Аймақтарға шығып халық денсаулығын жіті бақылаған мамандардың атқарған ісінің нәтижесіне көз жүгіртсек, былтырғы жылы Алматы облысында 12 айдың қорытындысы бойынша, қатерлі ісік ауруларына шалдыққан  2835 науқас тіркелген, 100 мың адамға шаққанда ауру көрсеткіші 138,5 пайызды құраған.  

Жыл бойы жалғасын тапқан профилактикалық ем-шараларының статистикасын алып қарасақ, қатерлі аурудан көз жұматындардың саны 59,9% құрап отыр. Облыстық көпсалалы клиника директоры Данияр Оразбекұлының айтуынша, бұл көрсеткіш  2018 жылмен салыстырғанда 2,1 %  төмендеген. Сонымен қатар өмір сүру мерзімін 5 жылға ұзарту 54,9% көрсетіп тұр.

0-І сатыда науқастарын ерте диагностикалау деңгейі ұлғайып, 23,0% (2018 жылы-22,2%) құрады. Бұл ретте I-II кезеңдердің уақтылы диагностикасы 2019 жылдың 12 айында 60,2% (2018 жылы – 57,6%) өткен жымен салыстырғанда 4,5% өсті. Барлық локализацияның IV сатысы бойынша жалпы асқыну 11,0% — ға төмендеді(2018 жылы – 10,5%).

2019 жылғы нәтижелерді көре отырып үркуге негіз жоқ.  Ел аузында «айықпас дерт» аталынған аурудан құлан таза айыққандар да бар екен. Қатерлі ісікті жеңген жандар «Jetisy media» ақпараттық алаңында  өткен баспасөз-мәслихатында ақ халатты абзал жандарға алғыстарын жаудырды.

Солардың бірі қала тұрғыны Бисенғалиева Раушан.  Ол 2006 жылы «жатыр мойны обырымен» сырқаттанған. Аты жаман ауруды дәрігерлер 3-сатысында анықтаған. 4 ай бойы облыстық онкологиялық  диспансерде ем алған Раушан Бисенғалиева дертті жеңуіме дәрігердің білімділігі және де науқаспен қарым- қатынасы көмектесті дейді. Оның айтуынша, аталған кеселді жеңу үшін адамның айығып кетемін деген сенімі болуы керек. Обырмен алпарысқан уақытта дәрігерім маған дем берді, өмірге деген құштарлығымды оятты. Сонымен қоса әрине оның кәсіби білктілігі де шипа болды деп ағынан жарылды.

Руашан ханым сынды өзгеде науқастарды аяқтарынан тұрғызу үшін және де басқада облыс тұрғындарын індеттен айықтырып, кеселдің тамырын кесу мақсатында биылғы жылы облыстық көпсалалы клиникаға 4 бірдей қондырғы алу кешенді жоспарға енгізілген.

Обырдың ең кең тараған түрі, «жатыр мойны обыры», «сүт безі обыры», «тоқ ішек пен тік ішек обыры» болып отыр. Сала мамандары ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу» керек дейді.  Сондықтан да адамдар скринг және профилактикалық шаралардан өтіп, тексерілуге тиіс. Физиологиялық талаптарды сақтау қажет деп ескертуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button