Аудан жаңалықтарыРухани ЖаңғыруТұлға

Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 12 ақпан күні сағат 11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Ұлттық кеңес. Ұлтық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Абай мұрасының маңызы, Ұлы ойшылдың ілімінің бүгінгі қоғамдық трансформацияға әсері, «Толық адам» концепциясының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен үндестігі мәселелері талқыланды.

Шара аясында елдегі жаңғыру процестерін одан әрі ілгерілету желісі қарастырылды, сондай-ақ жүргізіліп отырған реформалар бағамының орындалуына ұсыныстар мен тілектер жинақталады.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com  электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 12 ақпан күні сағат 10:00-ге дейін хабарласуға болады.

 

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

2020 жылы 12 ақпанда, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» конференц-залында, Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған, «Ұлттық кеңес. Ұлтық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Еуразиялық интеграция институты және ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі».

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Абай мұрасының маңызы, Ұлы ойшылдың ілімінің бүгінгі қоғамдық трансформацияға әсері, «Толық адам» концепциясының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының аясында диалогты жетілдіру мәселелері, өткізілетін реформалар курсын іске асыру талқыланды.

Шараға мемлекеттік органдар мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері, ғалымдар және сарапшылар қатысты.

Аталмыш шараның модераторы ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі, саясаттанушы Е. Саиров болды.

Саясаттанушы Е. Саиров өз баяндамасында, еліміздегі жаңғыру процесі халықтың рухани жандануымен байланысты екендігін атап өтті. Президент өзінің «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақаласында, елдің әлеуметтік жаңғыру процесінде Абайдың бай мұрасы өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ деп баса айтқан болатын. Абай Құнанбаев тағылымы қазақ халқының рухани өмірінде маңызды орын алады, ал оның данышпандығы қазіргі заманмен үндес.

«Серпін» білім және инновация Ұлттық палатасының президенті, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі М. А. Әбенов өз сөзінде: «біртуар ақын, ағартушы, фәлсафашы-гуманист Абай Құнанбаев қазақ халқының рухани-мәдени қалыптасуында айрықша орын алады». Ұлы ағартушы өз шығармашылығында ағарту, мейірім, қайырымдылық, еңбек, мақсатқа жету сияқты ұғымдарға негіз болып табылатын прогрессивті құндылық бағыттарына сүйенді. Абай шығармалары еліміздің ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық жетістігі болып табылады» деді.

Қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі                                 С. Р. Құттықадамның пікірінше: құрылған ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қалың жұртшылықты диалогқа үндейтін консультативтік-кеңесуші орган және осының арқасында бүгінде мемлекеттік коммуникативтік саясаттың жаңа бағыты қалыптасуда, тиімді реформаларды одан әрі жүргізу үшін өзекті жаңа ақпараттық арнасы жетілдіріліп отыр.

Сонымен қатар дөңгелек үстелдің жұмысына қатысқандар: Сайлаубай Е. Е. – «Абай академиясы» ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент; Қалиев Т. Б. – ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі; Аймұхамбет Ж. Ә. – Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы; Тайжан М. Б.қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі, экономика  ғылымдарының кандидаты; Тұрысбек Р. С. – Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Дүйсен С. Ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, Мемлекеттік тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты; Мұқибек А. – қоғам қайраткері, «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты; Серікбаев Б. С. – саясаттанушы, блогер+ ИЕИ — Фотографии-20200212T091439Z-001

— ИЕИ — Аудиозапись+ ИЕИ — Фотографии-20200212T091439Z-001

Басқа жаңалықтар

Back to top button