Без рубрики

Құрметті БАҚ өкілдері!

КҮНІ: 11.02.2020 г.

УАҚЫТЫ: 16:20

ТАҚЫРЫБЫ: «Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша Қазақстан Республикасында атқарылып жатқан шаралар».

+ МЗ РК — Аудиозапись

2020 жылғы 11 ақпан күні сағат 18:00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған брифинг өтеді.

СПИКЕР:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері — Жандарбек БЕКШИН.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com  электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 11 ақпан күні сағат 15:00-ке дейін хабарласуға болады.

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Әлемдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай және оның ҚР таралуының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары-ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекция бойынша Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Эпидемиологиялық жағдай        

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың 11 ақпанына Қытай Халық Республикасында (бұдан әрі – ҚХР) коронавирустық инфекцияның жаңа түрі бойынша 42638 жағдай тіркелген, оның ішінде 1016 өліммен аяқталған. Басқа елдерде 27 елде коронавирустың жаңа түрімен (2 өлім, Филиппин – 1, Гонконг -1) 448 жағдайы тіркелген.  Жапония жағалауындағы круиз лайнерде ҚХР-дан келген Қазақстан Республикасының 4 азаматы денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.            Қазақстанда коронавирустық инфекция тіркелген жоқ.

Қазақстан Республикасында қабылданған шаралар: Премьер-Министр орынбасарының төрағалығымен Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері кіреді.

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда:                                                                        — әкім орынбасарларының төрағалығымен өңірлік ведомствоаралық комиссиялар құрылды;

— «Қорғас» ШЫХО қызметі уақытша тоқтатылды;

– 27 қаңтардан бастап автобус жолаушылар тасымалы тоқтатылды;

– 1 ақпаннан бастап ҚХР-дан теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы тоқтатылды;

– 3 ақпаннан бастап ҚХР-дан авиажолаушылар тасымалы тоқтатылды

 

Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Ухань қаласынан біздің азаматтарымызды көшірген ұшақ бортында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығымен медициналық сүйемелдеу қамтамасыз етілді (83 қазақстандық эвакуацияланды, оның 80 – і қалада болған студенттер). Аталған рейспен Беларусь Республикасының 5 азаматы және Арменияның 1 азаматы көшірілді. Көшірілгендердің барлығы дайындалған медициналық ұйымға оқшауланған, медициналық бақылауда болады.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2 Қаулысы бекітілді. Алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы бекітілді.         Мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық пункттерде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық пункттерде барлығы 260 885 адам қаралды, оның ішінде ҚХР – дан — 30 852 адам.     11 ақпанға ЖРВИ температурасы мен симптомдары бар 140 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 113-і сауығып, 27-і стационарларда қалып отыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Медициналық ұйымдармен тұрғылықты жері бойынша Қытайдан келген азаматтардың денсаулық мониторингі бойынша жұмыстар жалғасуда, 23159 адам қамтылды. Соңғы 14 күн ішінде ҚХР-дан келген 8690 адам медициналық бақылауда қалып отыр, қалған 15478 адам инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты мониторингтен шығарылды.           Медициналық ұйымдардың ауруларды және ауруға күдікті адамдарды қабылдауға дайындығы қамтамасыз етілді. Барлық өңірлерде коронавирустық инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізілді.

14 күн ішінде коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген басқа елдерден келген барлық адамдарды медициналық бақылау және коронавирустық инфекцияға ұқсас симптомдары бар, Қытай Халық Республикасында және инкубациялық кезең ішінде коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген басқа елдерде болған адамдарды провизорлық емдеуге жатқызуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде — 14 күн ішінде.

Ішкі және сыртқы шекарадағы санитарлық-карантиндік пункттерге қосымша 150 санэпидқызмет мамандары жіберілді.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жаднамалар таратылады;    Коронавирустық инфекцияға күдікті және байланыста болған барлық науқастардың зертханалық диагностикасы қамтамасыз етілді. Барлығы 313 адам тексерілді, соның ішінде 104 адам Ухань қаласынан келген. Коронавирустық инфекция анықталған жоқ.    Халыққа арналған call-орталығының тәулік бойы жұмыс істеуі қамтамасыз етілді.                                                                                                   Ақпараттық-түсіндіру жарияланымдары мен инфографика бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және Комитет пен Министрліктің сайттарында үнемі орналастырылады. Халықты смс-хабарландыру ұйымдастырылды.

 

Баспасөз қызметі 

8 7172 74 21 37

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button