Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыРухани Жаңғыру

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БАСТЫ НАЗАРДА

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» – деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылып келеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Аталған сала барлық бағыттың, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығының белгілісі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, жүйелеу, оны арнайы орган арқылы бақылау, халықты жаппай цифрлық сауаттылыққа үйрету мақсатында өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкімінің №827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның міндеттерге сәйкес халықтың өмір сапасын арттыру, әрі экономиканың әр саласын цифрландыру бағытында жұмыстар атқару қажеттігі нақтыланған. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Қоғамда жоғарғы сұранысқа ие қызметтерді электронды форматқа ауыстыру және сол арқылы қызметтердің көрсетілуінің ашықтығын қамтамасыз етуде мектепке дейінгі білім беру салалары болып табылады.

Осы мақсатта аудан орталығына орналасқан «Қуат» балабақшасы да қызметтерді электронды форматқа ауыстыру, қызмет алушыларға жағдай жасау, қолжетімділікті арттыруға өз үлесін қосуда.

Қазіргі кезде балабақшада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Қызмет алушыларға балабақша тарапынан толық жағдайлар қалыптасқан Мәселен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көлік тұрағы, шақыру қоңырауы жұмыс істейді. Іле ауданы әкімі аппараты мен білім бөлімінің ұсынысына сәйкес қазіргі кезде, балабақшада «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» тұрақты жұмыс істеп тұр. Аталған бұрыш арқылы балабақша қызметкерлері, ата-аналар қажетті құжаттарын ЭЦҚ немесе картрейдрдің көмегімен ХҚКО бармай-ақ қызмет алуды меңгеруде.

Атап айтсақ, мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен көрсетілетін қызметтерді толығымен электронды түрге аудару бойынша өткен 2019 жылдың маусым айынан бастап «Қуат» балабақшасы ата-аналардан құжаттары тек электронды түрде қабылдауда.

Қазіргі кезде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру және кезекті қалыптастыру процесін автоматтандыру үшін Е–ZHETYSU.KZ ПОРТАЛЫ енгізілді. Автоматтандырудың негізгі артықшылығы ата-аналарға нақты уақытта порталда өтінішті тіркеу және білім бөлімі немесе балабақша қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз тандалған балабақшаларға жолдама алу мүмкіндігін береді.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған түрде жүргізілуіне байланысты балабақша қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Балаларды кезекке қою және балабақшаларға жолдама алу қызметтерін ата-аналар жеке электронды цифрлы қолтаңбасымен (ЭЦҚ) Е–ZHETYSU.KZ ПОРТАЛЫ арқылы үйде отырып алуға болады.

Үйден қызмет алуға мүмкіндігі жоқ ата-аналарға, аталған қызметті көрсету үшін «Қуат» балабақшасында «Egov бұрыштары» ұйымдастырылғандығын ата-аналар назарына саламыз.

Қазіргі кезде балабақша қызметкерлері «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот @EgovKzBot мобильді мессенджері арқылы мемлекеттік қызметтерді оңай алуға болатынына үйреніп, онымен қатар келушілерге де түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

 

Роза НҰРҒАБЫЛОВА,

«Қуат» балабақшасының меңгерушісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button