Аудан жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтарыҚоғамРухани Жаңғыру

СӨЗІ – ҚАЗАҚТЫҢ БОЙТҰМАРЫ

Іле аудандық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруы-мен Іле ауданы Боралдай кентінде орналасқан 2022 әскери бөлімінде ақын-ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай сөзі қазақтың бойтұмары» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылып, осы бөлімнің әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Абайды оқы да, таңырқа…» атты «брейнринг» интеллектуалды ойыны өтті. Іс-шараны 2022 әскери бөлімінің командирі полковник Е.Каленов ашты. Іс-шара барысында аудандық кітапхана қызметкерлері түсірген «Абай челлендж» видеошолу көрсетіліп, көшпелі кітап көрмесі таныстырылып, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындалған сұрақтар мен ребустарға әскери бөлім қызметкерлері жоғары деңгейдегі білімділіктерін көрсетіп, жауап берді. Кітапхана директоры Қ.Бұдұғұлова әскер бөлімінде ашылатын кітапхана қорына 67 дана кітап сыйлады. Абай өлеңдері эстафетасын кітапханашы Э.Санкеш осы бөлімнің әскери қызметкерлеріне жолдады.

 

2022 әскери бөлімі

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button