Аудан жаңалықтары

АУҒАН СОҒЫСЫ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай Өтеген батыр кентіндегі  Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіші   алдында ауған соғысы   ардагерлерінің қатысуымен  іс-шара өтті. Онда алдымен ескерткішке  гүл шоқтарын қойып, қаза болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.  Оған   аудан әкімінің орынбасары А.Сәтібаев  өз тілегін жеткізді. Жерлесіміз «Қызыл жұлдыз»  орденінің  иегері,  сержант В.Лукиннің  анасы Галина Сергеевна сөз сөйлеп, интернационал-жауынгерлердің аман-есен оралғандарына ризашылығын білдірді.  Батырлықтың үлгісін елжандылықпен дәлелдеп, еліне сіңіре еңбек етіп жүрген белсенді азаматтарымыз аудан әкімі Б.Қарасаевтың атынан марапатталды. Айта кетейік, ауданымызда қазіріг күні 221 ауған соғысының ардагерлері тұрады, оның 50-і әр түрлі топтағы  мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарына енсе, қалғаны ауданымыздың қоғамдық жұмыстарына атсалысып, ел дамуына өз үлестерін қосуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button