Аудан жаңалықтары

АУҒАН СОҒЫСЫ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай ауданымыздағы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің жанында  ауған соғысы ардагерлеріне арналған аудандық іс-шара өткізілді. Құрбан болған батырларымызды бір минуттық еске алу үнсіздігі жарияланды. Оған аудан ардагерлері мен аудан әкімінңі орынбасары және мемлекеттік қызметкерлерді ауыл тұрғындары қатысты. Жиында аудан әкімінің орынбасары А.Сәтібаев сөз сөйлеп, жиын соңынан ауған ардагерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жиында сөз алған жергілікті батырымыз ауған соғысының жауынгері сержант М.Лукиннің анасы Галина Сергеевна сөз сөйлеп, интернационал-жауынгерлердің аман-есен оралуына ризашылығын білдірді.  Батырлықтың үлгісін елжандылықпен дәлелдеп, еліне сіңіре еңбек етіп жүрген белсенді азаматтарымыз аудан әкімі Б.Қарасаевтың атынан марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button