Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

БЮДЖЕТ ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы аясында «Antikor ortalyǵy» сервистік ғимаратының алаңында ашық бюджеттердің интерактивті картасының тұсаукесерін өткізді.

Департаменттің аға офицері Медет Тұрубаев қатысушыларға осы жобаның мақсаттары мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. Сөз сөйлеушінің айтуынша, бюджет транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ерекше тәжірибесі ретіндегі интерактивті карта мемлекеттік мекемелердің бөлінетін бюджет қаражатын бақылау арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартуға мүмкіндік береді.

«Картаның көмегімен облыстың әрбір тұрғыны аймақтыңмектептерінің, балабақшаларының, ауруханаларының, емханаларының, жолдарының бірыңғай платформадағы бюджеттік ақшаларықалай, не үшін және қандай мөлшерде жұмсалатынын, сондай-ақ оның дамуына әсер ететінін көре алады. Көрсетілген процестерді publicbudget.kz сайтында тәулігіне 24 сағат бақылауға, сонымен қатар, тиісті фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органға хабарлауға болады», — деп атап өтті Медет Тұрубаев.

Сондай-ақ, спикер бүгінгі күні картаға азаматтардың өтініштері келіп түсуде, олар бойынша облыстың мемлекеттік мекемелері тиісті түсініктемелер береді.

Айта кету керек, интерактивті карта – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп іске асырғанжоба.

Басқа жаңалықтар

Back to top button