Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДін және қоғамРухани Жаңғыру

Дін — қоғам айнасы

 

Дін — ерекше қозғаушы фактор.   Сол себепті де  мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың барлық мәселелерінің оң шешім табуы өте маңызды.

Аталған саладағы барлық түйіткілдер  үш негізгі қағидатты: тепе-теңдікті, бейтараптықты және төзімділікті сақтай отырып шешіледі. Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлының айтуынша, бүгінгі күні облыста діни ахуал тұрақты.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыста 637 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 466 ҚМДБ ислам мешіттері, 52 православиелік ДПШ, 11 Рим-Католиктік, 96 протестанттық, 10 Ехоба куәгерлері, 1 Бахай қауымдастығы, 1 Кришна санасы қоғамы тіркелген. Қазіргі таңда еліміз бойынша 18 діни конфессия бар, соның 12-сі Алматы облысында өз жұмысын арттыруда.    Сонымен қатар,  облыста тіркелген 466 ислам мешіттерінде барлығы 573 имамқызмет атқарады.  Оның ішінде: 282 бас имам, 96 наиб имам, 22 ұстаз, 11 азаншы, 162 молда бар.

Тағы да айта кетерлігі, христиандық және басқа да діни бағыттарда 307 діни қызметші еңбек етеді. Олардың ішінде: 75 православие, 29 Рим-Католик, 200 протестанттар, 2 Бахаи ілімі, 1 Кришна санасы қоғамы.

Облыста 30 миссионертіркелген.  Тарқатып өтсек, Кореядан -8, Турциядан -2, Испаниядан -5, Польшадан -9, Италиядан -2, Литвадан -1, ҚР -3 миссионер діни тұрақтылықты сақтауға жұмыс жасауда.

Жоғарыда аталған барша діни орындардың ахуалын Алматы облыстық дін істері басқармасы тікелей бақылауына алған. Аталған басқараконфессияаралық қатынастарды нығайту; мемлекеттің зайырлы тұрақтылығын дамыту; дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу сынды мақсатты істерге басымдылық берген.

Жәнеде басқарма діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша түрлі діни ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарға психологиялық көмек беруде.  Олармен теологтар мен психологтар бірлесе жұмыс жасауда.

Алматы облыстық дін істері басқрамасының басшысы Рахмет Есдәулетов өз сөзінде облыста теріс ағымға түскен тұрғындардың бар екенін алға тартты. Олармен түсіндіру, түзету шараларын жүргізіп жатырмыз. Десе де бірден өз қателіктерін түсініп кетеді деп айта алмаймын. Ол үшін уақыт қажет деп айтып өтті.

Осы орайда халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша басқарма тарапынан 2019 жылы 326 семинар, 73 конференция, 338 дөңгелек үстел, 2179 кездесу, 332 дәріс, 363 акция, 1068 тәрбиелік сағат, 477 отырыс, 63 пікірталас, 30 сауалнама, 49 фокус-топ, 3 фильм көрсету, 15 спорттық іс-шара, 46 көрме, 8 форум, 2 эссе байқауы, барлығы 5763 іс-шара өткізіліп, 394 244 адамқамтылып жүйелі түрде  іс-шаралар атқарылып келеді. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу іс-қимылдары қолға алынып,  облыстық «Жетісу» телеарнасынан « Ғибратты қазына» бағдарламасы жәнеде басқарманың өз тарапынан  1000 данамен жарық көретін « Дін және руханият мәдениет әлемі» деген атаумен газет жарық көрген.

 

                                                                                                                                                                                                                                                  Анар САБЫРОВА

Басқа жаңалықтар

Back to top button