КӨЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛДІ

0
42

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұйымдастыру іс – шараларының желілік кестесін орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп Көкшетау стансасындағы Полиция желілік бөлімінің жеке құрамымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Департаменттің бас маманы Берік Әшірбеков кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін, соның ішінде бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін олардың басшыларының жеке жауапкершілігін және басшылардың ұжымда профилактикалық шараларды жүйелі түрде орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін енгізу туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, полиция бөлімінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Саll-орталығының 1424 жұмысы туралы хабардар болды.

«Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлға соттың айыптау үкімінен кейін пара немесе залал сомасының он пайызын ала алады. Сонымен қатар, ең жоғары сыйақы мөлшері 10 млн. 600 мың теңгені құрайтын болады», — деп толықтырды спикер.

«Ақмола – адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша өткізілген іс-шаралар туралы жобалық кеңсенің жетекшісі Самира Тайтенова айтып берді.

«Өздеріңіз білетіндей, «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ-да «Адал жол» жобалық кеңсесі жұмыс істейді, оның мақсаты қайта сатып алушыларды және билетсіз жол жүру мүмкіндігін жою болып табылады. Жоба аясында темір жол тасымалдарының тиісті жұмыс істеуіне және халықтың темір жол көлігіндегі қызметтерге қол жетімділігіне кедергі келтіретін проблемалар жойылады. Қазіргі таңда уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен жұртшылық өкілдерінен құрылған жобалық топ жүйелі негізде осы бағыттағы мониторингтік іс-шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, сізді қызметтік тәртіп қағидаларын сақтауды қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытуға шақырамын, өйткені, мәселені оның салдарымен күресуге қарағанда алдын алу оңай», — деп атап өтті Самира Тайтенова өз баяндамасында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ мен басқа да бақылаушы мемлекеттік органдардың қызметінде бүкіл ел аумағында таратылған және барлық жерде жасанды билет тапшылығын мен жолаушылар пойыздарында алыпсатарлық жасаған парақорлықтың ауқымды схемасы жойылды. Ақмола облысының Көліктік бақылау инспекциясының аталған заңсыз қызметке қолдау көрсеткен бірқатар лауазымды тұлғалары сотталды.