Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамРухани Жаңғыру

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

               Биыл КСРО әскерінің Ауған жерінен шыққанына 31 жыл. Он жылда Кеңес Одағы қандай жұмыстар істеді? Ауғанстан кеше қандай болды? Бүгін қандай ел? Жаңаша көзқарас.

Жалпы Ауғанстан мен ауған мәселесіне кешегі Кеңестік кезеңнің көзқарасымен емес, жаңаша тәуелсіз ел ретінде қарайтын уақыт жетті. Кеңестік идеологиямен тәрбиеленген адамдар үшін оғаш болса да Ауғанстанның өзалды үлкен ел екенін мойындайтын, өзара байланысты күшейтіп сенімді де пайдалы барыс-келісті дамытатын кез келді. Осы мақсатта аудандық ауған ардагерлеріне арналған саябаққа жиналып, бір минут үнсіздікпен еске алып және де 24 мектеп-лицейде аудандық әскери бөлім қызметкерлерімен бірге еске алу шарасы өтті. Іс-шараға ауған соғысы ардагерлерін шақырып, 24 мектеп-лицей директорының меңгерушісі АӘД пәнінің мұғалімі ұйымдастырды. қаһарман батырларымыз ешқашан ұмытылмақ емес. Бұл соғыста Отаны үшін жанын пида қылған өрімдей жас жігіттердің есімдерін мәңгі есте сақтап, құрметтеу, отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау елдігіміздің бір белгісі екені анық. Сондай-ақ, Ауған соғысы тақырыбын зерттеу қазіргі заман тарихындағы өзекті мәселенің бірі екені де белгілі.

Н.Мукажанова, Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ҚРҚК қызметкері

Басқа жаңалықтар

Back to top button