Алматы облысының жаңалықтарыБес әлеуметтік бастамаМәдениетРухани Жаңғыру

Жазушы Жан Ақжанов ақмолалықтарды кітап арқылы парасаттылыққа шақырды

Көкшетау қаласында Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен танымал қазақстандық жазушы Жан Ақжановтың қалалық Көп салалы аурухана қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Путь врача», «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Твой ночной день», «Степь и судьба», «Камни, сбитые с неба»кітаптарының авторы аудиторияға қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою негізгі іс-шараларды өткізумен қатар, өзін-өзі қалыптастыру, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы кітаптарды оқу арқылы да қажет екендігіне көңіл бөлді.

Жазушының пікірінше, қазіргі ұрпақ компьютерлер және телефондармен көп сағаттық уақыт жүргізудің орнына адамгершілік қасиеттер мен моральдық-этикалық мінез-құлықты тәрбиелеуге бағытталған көркем әдебиеттерді оқуға бос уақыт бөлсе, әлеуетті жемқорлар саны қысқарар еді.

Кездесу барысында Жан Ақжанов өзінің «Путь врача» атты кітабына назар аударды, оның мәні-өз мамандығын сүю, медициналық көмек көрсету кезінде парасаттылық пен әділеттілік көрсету керек, себебі бұған пациенттердің өмірі байланысты.

Іс-шара барысында сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов медицина қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратын жобалар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, спикер кездесуге қатысушыларға кез келген адам сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда 1424 Саll-орталығына қоңырау шалып, бұл туралы хабарлай алатынын еске салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button