Алматы облысының жаңалықтарыРухани Жаңғыру

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ANTIKOR ОРТАЛЫҒЫНДА «ГАЛСТУКСІЗ» КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Antikor ortalyǵy» сервистік ғимаратының алаңында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында қайта даярлау курстарынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілермен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалиннің кездесуі өтті.

«Галстуксіз» дәстүрлі бейресми кездесу парасаттылық пен адалдық қағидаларын тәрбиелеу, мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдық-этикалық бейнесін қалыптастыру бойынша білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған.

Филиал тыңдаушыларына арнаған сөзінде Арман Бердалин әрбір азамат мемлекеттік қызметке кіру кезінде анттың сөзін айтып, халық алдында өзінің кәсіби құзыреттілігі үшін ғана емес, қоғамдағы мінез-құлық үшін де жоғары жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін атап өтті.

«Халық пен мемлекетке қызмет ету кез келген мемлекеттік органның бірінші кезектегі жұмыс қағидаты болып табылады. Қазір барлығы мемлекеттік аппарат қызметінің халық үшін айқын, ашық және қолжетімді болуына қарай жүріп жатыр. Сіз қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің өз қызметінде, бірінші кезекте, азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлануы, адамдарды тыңдай білуі, келіп түскен өтініштерге уақтылы жауап беруі, мәдени және парасатты өзін ұстауы қажет екенін түсінуіңіз керек», — деп атап өтті облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысының бірінші орынбасары.

Еркін әңгіме барысында қатысушылар, оның ішінде аудандық мемлекеттік жергілікті атқарушы органдардың мамандары да қатысты, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button