Без рубрики

ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ

 

 

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік басқару институтына ел сенімін арттыру мақсатында Іле ауданында «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық арнайы кеңсесі ашылған болатын. «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының миссиясы сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей төзбеушілік қағидасын қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Осыған орай, жобалық кеңсенің сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес ауданда орналасқан дәріханаларға мониторинг жұмыстары барысында дәрігердің тағайындауынсыз сатылуға болмайтын дәрілер бойынша сынама жүргізілді. Сонымен қатар, дәріханаларда зейнеткерлерге жасалынған арнайы жеңілдіктер, мекемеде арнайы пандустар, тұтынушыларға жасалынуы тиіс қолайлы жағдайлар да назарға алынды.

Сынама жүргізілген мекемелерде жағдай қанағаттанарлық. Бұл жұмыстар одан ары жалғасын табуда. Жалпы ауданда сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуға бағытталған бірқатар шараларға жемісті жұмыс істеп тұр. Мәселен, ауданда арнайы жедел топ құрылып, қоғамның жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру бағытында жыл басынан бері 17 астам шара өткізілді.

Осы бағытта «Адал жол» жемқорлыққа қарсы акция ұйымдастырылды.          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі жақсарту мақсатында елімізде көптеген шаралар іске асырылып келеді. Шаралардың негізгі міндеті – құқық бұзушылықтардың себептері мен алғышарттарын анықтау, алдын алу, болдырмау, қоғамның бұл бағыттағы құқытық деңгейін арттыру және де сыбайлас жемқорлық көрністеріне жалпы жұртшылықтың жек көрушілік көзқарасын қалыптастыру болып отыр. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда халықтың билікке деген сенімінің арттырылуы, құқықтық деңгейінің белгілі бір деңгейге көтерілуі,  заң бұзушылықтардың алдын алу– бұл мемлекеттік қызметті атқаратын әр бір тұлғаның үнемі назарында болуы тиіс. Қазірде сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың да маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын,  қандай да бір заңға қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда нендей іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сондай-ақ халықтың мемлекеттік билікке деген сенімінің маңызы ерекше. Бүгінгі таңда кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу маңызды.

 

Жастар ресурстық орталығы

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button