Аудан жаңалықтарыЗаң және бізҚоғамЦифрлы Қазақстан

ЖЕТІСУ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік басқару институтына ел сенімін арттыру мақсатында Іле ауданында «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық арнайы кеңсесі ашылған болатын

«Жетісу – адалдық алаңы» жобасының миссиясы сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей төзбеушілік қағидасын қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Осыған орай, жобалық кеңсенің сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жылбасында бекітілген жоспаарға сәйкес ауданда орналасқан дәріханаларға мониторинг жұмыстары барысында дәрігердің тағайындауынсыз сатылуға болмайтын дәрілер бойынша сынама жүргізілді. Сонымен қатар, дәріханаларда зейнеткерлерге жасалынған арнайы жеңілдіктер, мекемеде арнайы пандустар, тұтынушыларға жасалынуы тиіс қолайлы жағдайлар да назарға алынды.

Сынама жүргізілген мекемелерде жағдай қанағаттанарлық. Бұл жұмыстар одан ары жалғасын табуда.

Жалпы ауданымызда сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуға бағытталған бірқатар шараларға жемісті жұмыс істеп тұр. Мәселен, ауданда арнайы жедел топ құрылып, қоғамның жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру бағытында жыл басынан бері 17 астам шара өткізілді.

Осы бағытта «Адал жол» жемқорлыққа қарсы акция ұйымдастырылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button