Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыСпорт

ЖАС ПАЛУАНДАР КҮШ СЫНАСТЫ

 

Байсерке ауылдық округінің Қоянқұс ауылында орналасқан №47 орта мектептің спорт залында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Алматы облысының ашық турнирі өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы қатысып, спортшыларды жарыстың ашылу рәсімімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыстың басты мақсаты: Ауданда грек-рим спортын дамытып, жетілдіру;

— Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту. Жасөспірімдердің жекелей спорт шеберліктерін шыңдау. Жасөспірімдер арасындағы жолдастық қарым-қатынасты нығайту. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Аталған жарысқа 17 командадан 400-ге жуық спортшы қатысты.

Сонымен қатар жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар мақтау қағаздарымен, кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Ж. ҚАБДІКӘРІМОВ,

Іле ауданының дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button