Қоғам

АРДАГЕРЛЕРГЕ ӘРДАЙЫМ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы қарсаңында ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Василий Заецевтің үйлеріне арнайы барып, оларды төл мерекелерімен құттықтады. Онда Ел Президенті Қ. Тоқаев пен Алматы облысының әкімі А. Баталовтың арнайы құттықтау хаты мен себет толы жеміс-жидек, өзінің және аудандағы мекеме басшыларының телефон нөмірлері жазылған смартфонды табыс етті. Смартфонды табыс етудің басты мақсаты – ардагердің өзін толғандырған қоғамдағы жағдайларды немесе көкейтесті мәселелерді шешу мақсатында аудан әкіміне және құзырлы мекемелер басшыларына ойларын ашық айтып, тікелей сөйлесіп, хабарласуларына толық мүмкіндік туғызып, жеке мәселесін де шешіп беруге, дер кезінде қажетті көмек алуына жағдай жасау. Мұның өзі ардагерлермен күнделікті байланыс орнатып, олардың қал-жағдайын біліп, денсаулығын қадағалауға керемет мүмкіндік туғызатындығы сөзсіз. Аудан басшысы ардагерлерімізді мерекелерімен құттықтап, оларға ақжарма тілектерін тілеп, ерліктері мен өнегелі өмірінің жас ұрпаққа үлгі екенін айта келіп: «Қарты бар үйдің қазынасы бар» — деген нақыл сөзді дана халқымыз тектен-тек айтпаған. Сіздер бізге бейбіт өмір сыйладыңыздар. Ерліктеріңіз мәңгі есімізде. Ұлт болып ұйымдасуды, Отанды сүю сынды құнды қасиеттерді бойымызға дарыттыңыздыр. Бұл телефондар әлдеқандай жағдайда хабарласуға өте ыңғайлы. Хал-жағдайларыңызды біліп, арасында Сіздің ақыл-кеңесіңізді тыңдау мақсатында смартфонды сыйға тартамыз», — деп, майдангерлерге арнайы сыйлықтарын тарту етті. Ардақты ардагерлер өздерін мерекемен құттықтап келген аудан басшысына ақ батасын беріп, разылығын білдірді.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button