Басты ақпаратМәдениет

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ IV «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАСТАУ АЛДЫ

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасының басталғанын хабарлайды.
«Абай оқулары» жобасының мақсаты:
– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы бастамасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету;
– Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды жасақтау.
Әдеби эстафетаның шарттары:
1. Абайдың шығармаларының бірін мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу.
2. Бейнематериалды Facebook, Instagramәлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175хэштегтерімен жүктеу.
3. Эстафета 2020 жылғы 14 мамыр мен 20 тамыз аралығында өтеді.
Әдеби эстафетаның қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан озық шыққан қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Ұлы Абайдың мұрасын ардақтайтын қауымды эстафетамызға қатысуға және осы ақпаратпен әлеуметтік желілерде бөлісуге шақырамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button