Қоғам

РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН МАРАПАТ

Боралдай кентінде әрбір мемлекеттік және кәсіби мерекелерге орай ардагерлерді арнайы құттықтап, әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету дәстүрге айналған. Коронавирус індетіне қарсы қолданылған шектеулер кезінде де бұл дәстүр үзілген жоқ. Бүгінгі күні Боралдай кентінде екі Ұлы Отан соғысының ардагері, 110 тыл еңбегінің ардагерлері бар. Батыр аталарымызды Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы , Іле ауданының Құрметті азаматы Ә.Исаев пен кент әкімі Д.Қоңырбаев арнайы барып құттықтап аудан әкімінің сәлемін жеткізіп, сый сияпатын тапсырды.
Тыл еңбеккерлерінің Отан үшін жан беріп, жан алысқан қанды шайқасқа қатыспаса да, бүгінгі ұрпаққа бейбіт күн сыйлаған Ұлы Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқаны тарихи шындық. Отанға деген сүйіспеншілігін ерлікке прапар еңбекпен танытқан тылдағы еңбек ардагерлері де лайықты құрметтен шет қалған емес. Кент әкімі аппаратының мамандары мен еріктілер тобы Боралдайлық 110 Тылдағы еңбек ардагерлерін кент әкімі атынан құттықтап, Ресей Федерациясы Президенті атынан арнайы жіберілген Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерей тойына арналған медальдарды табыстады. Бақытты балалық дәурені мен жалын атқан жастық шағын бейбіт өмірді сақтап қалу жолындағы ауыр еңбеккепен өткізген ардагерлерімізді ардақтау бүгінгі ұрпақтың басты парыздарының бірі.

Б.Қойтан

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close