Басты ақпаратЗаң және бізҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

Нұр-Сұлтан әуежайының коды NQZ болып өзгерді

Бұған дейін әуежайдың үш әріптік коды TSE болып келген

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік коды TSE таңбасынан NQZ болып өзгерді. Бұл туралы бүгін брифингте азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты.

«NQZ — ұшулар картасында жаңа атау. Барлық жолаушыларды IATA берген жаңа кодпен құттықтаймын. Осы код Нұр-Сұлтан әуежайына тек жақсылық әкелсін… ТМД-ның және әлемнің басқа елдері де әуежай кодын өзгертуге талпыныс жасап келді. Бірақ IATA ұйымының принципі бойынша ол өзгертілмеуі тиіс. Бірақ біз жолын тауып, нәтижеге қол жеткіздік. Бұл өзгерістер 2019 жылдың 14 қазанында Варшава қаласында (Польша) IATA-ның барлық мүшелерінің қатысуымен Жолаушылар тасымалы стандарттары (Passenger Standards Meeting) кездесуінде қолдау тапты», — деді ол.

Енді NQZ коды барлық брондау жүйелерінде, отырғызу талондарында, багаж биркаларында және ақпараттық таблода көрсетіледі.

NQZ кодының авторы – дипломат Алтай Абибуллаев атаудың логикалық мәні бар екенін айтты.

«Мұндағы N — Нұр-Сұлтан әуежайын білдіреді. Ал, QZ — жаңа әліпби бойынша Қазақстан дегенді білдіреді», — деді ол.

Еске салсақ, қала әуежайына TSE коды 1961 жылы Целиноград атымен байланыстырып берілген. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылдады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button