Басты ақпаратҚазақстан жаңалықтары

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 17 триллион теңгеден асты

Үкіметтің қарызына қызмет көрсететін шығын да қосылған

Бүгін Мәжілісте Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова Қазақстанның мемлекеттік қарызы, сол мемлекеттік және үкіметтік қарызға қызмет көрсету үшін кететін шығын көлемі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Годунованың айтуынша, қазір мемлекеттік қарыз бен Үкімет қарызы қауіпсіз шектен шыққан жоқ. Бірақ осы мемқарызды есептеу үшін көрсетілетін қызметтің шығыны өсіп кеткен.

«Үкіметтің қарызы сияқты, мемлекеттік қарыз көлемі де қауіпсіз шекте тұр. Бірақ қарыздарды өтеуге және қарыздарға қызмет көрсетуге кететін шығын өсіп кетті. Тек қана Үкімет қарызын жауып, қызмет көрсету үшін 1 трлн 400 млн теңге шығындалды», — дейді Годунова.

Есеп комитеті қазір халықаралық қаржы ұйымдарынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік үшін алынған қарыздарды, квазимемлекеттік сектордың шығындары мен жергілікті атқарушы органдардың шығындарын қадалағауға қол жеткізген.

2020 жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 17,7 трлн теңгеден асып кеткен. Бұл жалпы ішкі өнімнің 25%-ы. Ал бюджет тапшылығы 1,3 трлн теңгеге жеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button