Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ — ӘДЕПТІЛІК

Қоғамда кез келген тұлға өзіне берілген қызметті немесе лауазымды адал атқарар болса мемлекеттің іргетасы берік, керегесі кең, шаңырағы биік бола түсері анық. Өйткені, адалдық берік орнаған жерде қоғамның тұрақты дамуына кедергі келтіретін сыбайластық, жемқорлық, парақорлық сынды теріс әдеттер тұрмайды.

Яғни, мемлекеттік қызметтегі адалдық ашықтық, жариялылық, қолжетімділік секілді аса қажетті ұғымдардың қалыптасуына тікелей әсер етері анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы жолдауында «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тармағында, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесінің маңыздылығына тоқталды.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғамның белсенділік танытуы өзекті.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, отанды сүйю, парасаттылық, қызметіңді адал атқару сынды рухани құндылықтың бастауы отбасы тәрбиесінен, балабақшадан, мектептен жас ұрпақтың санасына сіңірудің маңызы зор.

Сонымен қатар, жолдауда «Халықпен тиімді кері байланыс орнату» қажеттігін, қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мем- лекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары екендігін атап өтті.

Бүгінгі таңда, әлемде үздіксіз жүргізіліп жатқан жаһандану процесінде, ел бірлігін сақтап, дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатында, мемлекет басшысының көтеріп отырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мәнісі зор. Ал оның түпкі мағанасы – қоғамдық диалог. Мемлекет – маңызды әлеуметтік және тағы басқа шешім қабылдау алдында қоғаммен конструктивті диалог орнатып, халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, талаптарын назарға алып, шешу жолында адалдық танытса, бірлік пен ынтымақтастықта көптеген маңызды мәселелер түбегейлі оң шешімін табатыны сөзсіз.

Қоғамдық диалогты құрудың өзегі — мемлекеттік аппараттан бастау алады.

Ал, мемлекеттік аппараттағы мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік дамуына тікелей жауапты.

Қоғам мемлекеттік қызметшіні өзінің барлық күш — жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны — Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс.

М. МӘДІҒҰЛОВ,
Іле ауданының
Әдеп жөніндегі уәкілі

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close