Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратДін және қоғамРуханият

ЖАТ АҒЫМДАРҒА ҚАРСЫ ИМУНИТЕТ

Салафизм ағымының доктриналық идологиясын XIII ғасырда Ибн Таймия қалады. Ибн Таймия доктриналдық пікірінің Әһл-сүннет уәл-жамағат ғалымдарының көзқарасымен келіспейтін тұстары көп болды. Сол себепті, Ибн Таймияға өз уақытында Әһл-сүннет уәл-жамағат ғалымдары ескерту беріп, кейбір көзқарасын теріске шығарды. Ибн Таймияның доктриналық ілімін XVIII ғасырда Сауд Арабиясында өмір сүрген Мұхаммед Абдулуаһһаб насихаттап, ары қарай дамытты. Тарихқа үңілер болсақ, уаһабшылдық идеология негізінен XX ғасырдың басында I Дүниежүзілік соғыстан кейін өз тәуелсіздігін алды. Алайда уаһабшылдық идеология көп мұсылман елдерінен қолдау таппағандықтан, олар өздерін жағымды қөрсету махсатында, біз «салафиміз» (бұрынғылардың жолын ұстанамыз) деген ұранмен бүгінде «салафизм» атымен танылып үлгерді.

Салафилік теріс ағымның басты идеологиясы – буквализм, яғни, мәңгүрттендіру. Олар өздерінің буквализмдік идиологиясын сіңіруде төмендегідей тәсілдерді пайдаланады деуге болады:

1. Құран аяттары мен хадистерді түсінуде сыртқы мәнімен шектеледі. Олар «Дінді ақылмен түсінуге болмайды, ол – философия, яғни адасушылық» деген түсінікті қалыптастырады. Мақсаттарына жету үшін мешіт имамдары мен белгілі Исламтанушы, теологтардың уағызын тыңдауға, кітабын оқуға тыйым салады. Олардың уағызын тыңдап, кітаптарын оқыған адам таза сенімі бұзылып, адасады деп түсіндіреді. Сөйтіп, дінге жаңа келген адамның көңіліне өзгелерге деген сенімсіздік, жауы ретінде қарау танымын сіңіріп, өз айтқандарынан шықпайтындай халге келтіреді. Сондай-ақ, аяттар мен хадистердің мәніне үңіліп, діннің рухын ақыл тұрғысынан саралай алмаған адамның мәңгүртке айналары сөзсіз. Салафилік ағымның ғалымдары Ислам діні баса мән беген: «Ой жүгіртпейсіңдер ме?» «Зер салмайсыңдар ма?» «Ақылды қолданбайсыңдар ма?» деген жүздеген аяттар мен мыңдаған хадистерді мәнін түсінбей қалуы мүмкін бе?! Жоқ, мүмкін емес. Олардың ғалымдары мұның бәрін біледі. Біле тұра істемейді. Яғни, олардың мақсаты соңына ергендерді мәңгүрттендіріп, айтқанын істету, саяси мақсаттарына жету болып отыр. Қасиетті Құранның алғашқы аятының «Оқы…» әмірімен түскенін, «ақылдпайдалану» керектігін қатардағы қарапайым дін қызметкері де ажырата алады. Бұның «Оқы…» әмірінің білім іздеуді, үйренуді, толғануды, өзгелердің пікірімен санасуды тағы басқа көптеген мағыналарды қамтитыны түсінікті. Соған қарамастан, олардың Құран аяттары мен хадистердің мәніне үңілуге тыйым салып, сыртқы мәнімен шектеу қоюуы сөзіміздің дәлелі тәрізді.

2. Ұлттық құндылықтарды жоққа шығару: Бір елдің ұлттық құндылығын жоққа шығару – сол елді бағыт-бағдарынан адастырудың басты шарты. Ж. Баласағұн бабамыздың «Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім» дегенін ескерер болсақ, ата-баба салт-дәстүріне «анау бидғад», «мынау ширк» деп қарсы тұру – халқымыздың әдет-ғұрпымен қалыптасқан ұлттық тәрбиеден қол үздірудің бір тәсілі болып табылады. Сала- филік ағым өкілдері дінге жаңа бет бұрғандарға қазақ халқының әдет-ғұрпын мүмкіндігінше дінге кереғар етіп көрсету арқылы өз идеологияларын өткізеді. Жақтастарын көбейтеді. Нәтижесінде, қазақты қазаққа қарсы қойып, елдің, ұлттың бүтіндігін бұзады.

Салафилік ағымның көзқарасы бойынша, мемлекеттегі За- йырлылық ұғымын мойындамайды, мемлекеттік Конституция Ислам шариғатынан бөлек, яғни, Құран мен сүннеттен болмаған саяси жүйе болса, оны кәпірге шығарады. Зайырлы мемлекеттің Ата заңына қолдау көрсеткен, сол елдің экономикасының өсуіне қол ұшын берген жандарды да жауы ретінде таниды. Елі үшін адал қызмет етіп жатқан адамдарды, тіпті, олар мұсылман болса да өз идеологияларын қолдамағаны үшін айыптайды. Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтқанындай, «Мәңгілік елге айналуымыз үшін еліміздің саяси және діни-рухани иделогиясында қарама-қайшылық болмауы қажет». Салафилік ағым мемлекет Конституциясына қарсы тұрып, оның тұрақтылығынкері әсерін тигізетіні даусыз.

Ендігі кезекте «Салафилік ағымды қалай ауыздықтай аламыз, оның идеологиясының түбегейлі жолдары не?» — деген сұрақтардың туындауы анық. Салафилік ағым идеологиясының ықпалына кеткен адам әрбір ісіне салафилік идеологияның дүрбісімен қарап, соның негізінде өмірлік ұстаным қалыптастырады. Оның танымын өзгерту, райынан қайтару көп күш сарп етуді талап етеді. «Отан – отбасынан тұрады» — дегендей, отбасындағы ата-анасын кәпірге шығарып қараусыз қалдырудың, әйеліне талақ беріп, жалғызбасты жесір әйелдер мен тәрбие көрмеген жетімдердің көбеюінің бір ұшы осы иделогиясымен тікелей байланысты. Сондықтан, оларға қарсы тұрудың ең басты шарты – қоғам мен биліктің өзара үндесуі, ұлттық бірлік.

Р. ҚАБИ,
Жаңадәуір ауылы «Айтақын Ата»
мешітінің бас имамы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button