Аудан жаңалықтары

“Жасыл ел” жастар еңбек жасақтары

«Жасыл ел» – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Сол жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Республикалық штабы құрылып, ұлан-ғайыр мекеннің барлық аймағанда бөлімшелері ашылып, өз жұмысын бастап кеткен еді.

Аталмыш бағдарлама ауданымызда да кең тараған. Іле ауданы жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен, »Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жазғы маусым кезінде студент жастарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. . Студенттер, жұмыссыз жастар, бәрі бірге абаттандыру мен көгалдандыруға, саябақтар мен өзендерді тазалау жұмыстарына қатысуда.

Атап айтсақ 2020 жылдың 16 маусымында Энергетический ауылдық округінде Республикалық облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағаларын “Жасыл ел” жастар еңбек жасақтары қоқыстардан тазалап ретке келтірді. Жыл санап ауданымызда бағдарламаға қатысушы жастар артып келуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button