Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратМерекелер

БҮГІНГІ КҮННІҢ ҚАҺАРМАНДАРЫ!

Тәуелсіздік жылдары еліміз медицина саласында да зор жетістіктерге жетті. Елбасы тапсырмасы бойынша «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Өтеген батыр кентіндегі Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы салынды. 2012 жылдың қаңтар айында салтанатлері де коронавирус пандемиясымен күресте өздерінің шыдамдылық, табандылық, жоғары біліктілік сынды құнды қасиеттерімен көріне білді. Елімізде жарияланған карантин жағдайында Алматы қаласы мен Алматы облысының Қарасай, Жамбыл аудандарында тұратын қызметкерлеріміз аурухана ішіне казармалық режимде орналасып, 78 күнге созылған шектеуде отбасылары, бала-шағаларынан жырақта өз кәсіби қызметтерін атқарды. Отбасын көрмей қызмет етсе де, бәрі де табандылық танытып, медицина қызметкерлерінің көмегіне мұқтаж балалардың күрделі емдері үзілмеуі үшін, олардың денсаулықтарын сақтау барысында аянбай еңбек етіп, қиындықты еңсерді. «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» – Алматы өңірінің балаларына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін,  заманауи диагностикалық және емдеу құрылғыларымен жабдықталған, консультациялық-диагностикалық емханасы бар 200 төсек-орындық көпсалалы балалар стационары. Аурухана негізінен облысымыздың оңтүстік өңірлеріне қызмет көрсетеді (Іле, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Жамбыл, Балқаш, Қарасай, Талғар аудандары және Қапшағай қаласы), дегенмен шұғыл көмек керек болғанда барлық Алматы облысының байрлық аймағы мен еліміздің басқа да облыстарының балаларын қабылдаймыз. Ауруханамыз құрылған аз ғана кезеңнің ішінде біз бірнеше қайта құрулар дан өттік: шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін алдық, қосымша жақ-бет хирургиясы, онкогематология бөлімшелері ашылды. 2015 жылғы маусымда республикалық байқаудың «Үздік облыстық балалар медициналық ұйымы» аталымында жеңімпаз атандық.

Медицина қызметкері болу – жауапты мамандықтың иесі болу. Мұнда адам тағдыры тұрғандықтан еш қателесуге болмайды. Бұл ретте дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Дәрігерлердің біліктілік жетілдіруі мен кәсіби кемелденуіне қазір барлық жағдай жасалған деп нық сеніммен айта аламын. Бала – ата-аналар үшін ең қымбат қазына, бұл қазынаны біз өмір бойына сақтап өтуге дайынбыз. Сә- бидің жүзіндегі күлкіден әдемі ешнәрсе жоқ. Дені сау бала – салауатты ұлт болашағы. Біз оларға шын жүректен көмек қолын созуға әрқашан дайынбыз. Осы орайда ақ халатты абзал жандардың төл мерекесімен барша әріптестерімді шын жүректен құттықтағым келеді. Қиындығы мол, бірақ абыройлы, ізгілікті қызметтерінде табыс, дендеріне саулық, отба- сыларына амандық тілеймін.

Ролан НҰРБАЕВ,
Алматы аймақтық балалар
клиникалық ауруханасының
директоры, Іле аудандық
мәслихатының депутаты,
«Nur Otan» партиясы
Іле аудандық филиалының
«Денсаулық» БПҰ төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button