Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚараой ауылдық округі

ТАҒАЙЫНДАУ

  Іле аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылдың 16 маусымдағы шешімі  негізінде  Іле ауданы әкімінің өкімімен Тәженов Айдос Мақсұтұлы Қараой ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Айдос Мақсұтұлы Тәженов 1985 жылы туған.  Жоғары білімді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тарих, құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша  бітірген.

2007 жылдан бастап Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының жеткеші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды.  2017 жылдан 2019 жылға дейін Іле ауданындағы «Каз Жоба» ЖШС директорының орынбасары, 2019 жылдан 2020 жылдың 24 сәуіріне дейін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының жер кадастры мен жылжымайтын мүлік бойынша Іле аудандық бөлім басшысының орынбасары болды. 2020 жылдың 24 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Қараой ауылдық округі әкімінің міндетін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button