Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратМерекелер

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ішкі істер саласының қызметкерлерін құттықтауы

Қалтқысыз қызметтеріңіз - халыққа!

Құрметті
ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, тәртіп сақшылары!

Сіздерді Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ішкі істер органдары — мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осы орайда мамандықтарына адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халық арасында сақтық жұмысын жүргізіп, азаматтардың тыныштығын заңдылық пен құқық тәртібін қорғау жолында табысты қызмет атқарып келе жатқан полиция қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз. Халықтың тыныштығын күзетіп, елді тәртіпке шақыруда жан аямай, уақытпен санаспай еңбек етіп, басын қатерге тігетін де ішкі істер саласының қызметкерлері.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғанда сіздерге де биік міндеттер жүктелді. Әлемді емі беймәлім вирус жайлағанда, дәл сіздер сияқты ел қорғаны болатын қызметкерлер, білек сыбана тыныштықты қорғауға, сақтық шаралары тәртібін сақтауға белсене араластыңыздар. Осы жолы сіздердің білім мен біліктіліктеріңіз, төзім мен шыдамдылықтарыңыз сыналды. Мемлекет басына қара бұлттай төнген пандемияның алғы шебінде жүрдіңіздер.

Осы орайда аудан көлемінде қойылған әр блокпостарда күн демей түн демей, үй көрмей күзетте болған полиция қызметкерлеріне ризашылықпен алғыс айтамын. Әлі де болса аты жаман індеттің беті қайтқан жоқ. Бүкіл халық сіздерге сенім артып отыр. Тағы да бір сыналар тұсымыз әлі алда.

Сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Отбасыларыңызға береке-бірлік, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Ел іргесі аман болсын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button