Аудан жаңалықтарыБасты ақпарат

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Іле ауданы әкімінің өкімімен Жөргенбаев Асылбек Мұхтарұлы Іле ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жөргенбаев Асылбек Мұхтарұлы 1988 жылы туған. Жоғары білімді. 2009 жылы Талғар агробизнес және менеджмент колледжін бітірді.

2011 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтап шықты. Мамандығы бухгалтер-аудитор, мұнай – газ ісінің маманы, гуманитарлық білім бакалавры (халықаралық қатынастар мамандығы бойынша).

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы» РММК маманы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің үшінші хатшысы,  Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің консулдық  қызмет департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының консулдық мәселер жөніндегі үшінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының консулдық мәселер жөніндегі екінші хатшысы, Алматы облысы әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы, Алматы облысы әкімі кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button