Қазақстан жаңалықтарыМерекелер

Шілде айында 10 күн демалас деп белгіленді

Биыл шілде айында қазақстандықтарды 21 жұмыс күні мен 10 демалыс күтіп тұр. Бұл айда ел тұрғындары екі бірдей мейрамды атап өтеді.

Сенбі және жексенбі демалыстарын айтпағанда қазақстандықтар 6 шілдеде – Астана күнінде демалады. Бұл мейрамның «мемлекеттік мереке» деген статусы бар. Астана күні дүйсенбіге сәйкес келгендіктен, тұрғындар үш күн қатарынан демалады.

Сонымен қатар, шілде айының соңғы күні де демалыс болып бекітілген. Өйткені, биыл 31 шілде Құрбан айт мерекесіне сәйкес келіп тұр. Айтулы күн жұмаға сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар бұл апта да үш күн қатарынан демалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button