Аудан жаңалықтарыАуыл шаруашылығыБайсерке ауылдық округіБасты ақпаратЭкономика

СОЯ АҚУЫЗЫ БАҒАЛЫ ӨНІМ

Президент пәрмені

Аудан әкімі Бағдат Қарасаев өңірдің экономикалық әлеуметін барынша жақсарту мақсатында өңірге инвестиция тартуға баса назар аударады. Айталық, жақын күндері Байсерке ауылдық округіндегі Жаңаталап ауылында орналасқан «AGRITECH» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс барысын қадағалап, мұнда қандай істердің қолға алынғандығын көзімен көріп, мән-жайды тереңірек білді. Жалпы инвестиция көлемі 3,5 миллиард теңгені құрайтын жобаның негізгі мақсаты — сояны терең өңдеу болып табылады. Олег Анатольевич Петушок басқаратын бұл кәсіпорын өнімділікті арттыруға баса мән бермекші. Мұнда жылына 2500 тонна белок өндірілмек. Дүние жүзі бойынша ақуыздың жетіспеушілігі байқалатын болса, бұл ретте соя протеині арзан әрі жоғары сапалы өнім болып табылады. Соя тамақ пен азық сияқты ақуыз қорының түрі болғандықтан да кәсіпорын басшылары салаға инвестиция салуды барынша ұлғайтуға назар аударуда. Сонымен қатар 60-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылуға мүмкіндік алады.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекетік қолдау бағдарламасы аясында жетіспейтін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу үшін қажетті құжаттары рәсімделіп, мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген. Соның негізінде су ұңғымасын бұрғылап және оған барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын газбен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, зауыттың ішін электермен жабдықтау, зауыттан шығатын өндірістік қалдықтардың кәріздік коллекторына өткізу, жылу әрі бумен қамтамасыз ететін автономды қазандық орналастыру және зауыт үшін байланыстың алаңнан тыс желілік жүйелеріне ағымдағы жұмыстары жүргізілуде. Аталған зауыт келер жылдың соңында пайдалануға берілмекші.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button