Басты ақпаратҚазақстан жаңалықтары

Екі апталық карантинде қандай нысандар жұмыс істемейді?

Қазақстанда 5 шілдеден бастап жарияланған 14 күндік карантинде бірқатар нысанның қызметіне тыйым салынады. Олардың тізімінде әдеттегідей сұлулық салондары, спорт залдар мен базарлар бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Мұндай шешім ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында қабылданды. 5 шілдеден бастап мына нысандардың қызметіне тыйым салынады:

  • сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер;
  • азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер;
  • мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар;
  • ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б;
  • (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;

Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;

Айта кететіні, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button