Алматы облысының жаңалықтары

Алматы облысы әкімінің орынбасары пневмониядан қайтыс болды – БАҚ

Ол бірнеше жыл бойы еліміздің ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен

Өкпе қабынуынан бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды. Бұл туралы ақпаратты 24.kz хабарлады. Ол бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік етіп, оның дамуына өз үлесін қосқан еді.

Серікжан Бескемпіров 1960 жылы дүниеге келген. 2012 жылдан бері Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінде. Еңбек жолын 1983 жылы Үштөбедегі ет комбинатынан бастаған. 2006-2012 жылдары Текелі қаласының әкімі болды.

Еске салайық, бүгін пневмониядан облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те көз жұмды. Осы лауазымда бір жылдан аса қызмет еткен марқұм өңірде коронавирус індетінің таралмауы үшін қауіпсіздік талаптарын енгізіп, ел амандығын сақтау мақсатында еңбек еткен болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button