Рухани ЖаңғыруРуханият

Рухани жаңғыру — жастарға жарқын жол

Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана –тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады.  Өйткені, болашақ –жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жахандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзімідің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз.

Расында, жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болмақ.

Елбасымыз айтқандай «Біз жаң­ғыру жолында баба­лар­дан мирас болып, қаны­мызға сің­­ген, бүгін­де тамы­ры­мыз­да бүл­кіл­­деп жатқан ізгі қасиеттерді қай­та түле­туіміз керек», – делінген.

Сандық Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау.

«Рухани жаңғыру» бағдары  аясында, жастарымызға арналып жасалынып жатқан іс-шаралар, бағдарламалар біздің ауданымызда осы жылдарда саны көбейіп келеді. Іле жастар орталығы — жастарымыздың рухани азық, салт-дəстүрімізді бойына сіңіріп өсуіне үлкен үлес қосуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button