Басты ақпаратБілім және ғылымҚоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев: Аймағамбетов ойлануы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовқа балаларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу ісіне баса мән беруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдарға жылдар бойы табиғатты ластамау керектігі түсіндірілмеген. Бұл бір. Екіншіден жануарлар әлемі туралы. Жақында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында бір оқиға болды. Онда адамдар итбалықтарды таяқпен, таспен ұрып жүр. Екінші жағынан балалар мен жасөспірімдерді бұл қылықтары үшін тағы кінәлай алмайсың. Себебі үйде болсын, мектепте болсын оларға бұл әрекеттің дұрыс еместігін ешкім де түсіндірмеген. Мен итті қылқындырып, күшікті өртеп жіберетін «қатардағы» жағдайларды айтып тұрған жоқпын. Менің ойымша, Аймағамбетов (Білім және ғылым министрі) бұл мәселеге байланысты ойлануы тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетейік, 6 шілде күні әлеуметтік желіде демалып жатқан адамдар Каспий итбалығына тас лақтырғаны туралы видео пайда болды. Видеода көрініп тұрғандай, итбалық адамдарға шабуыл жасау ниетінсіз, қызық көріп жақындаған. Бұл факті бойынша Маңғыстау облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы облыстық полиция департаментіне хат жолдады. Онда жануарды қорлаған адамдарды анықтап, жауапкершіліке тарту жөнінде айтылған.

Ал жақында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Маңғыстауда итбалықты қорлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын жариялады.

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close