Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпарат

Алматы облысының әкімі ауруханадан шықты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін. Ал, ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым. Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін, – деп жазды облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button