Аудан жаңалықтарыДенсаулық

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҒЫНЫҢ ДӘРІХАНАЛАРДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР БАҒАЛАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі а.ж. 11 және 12 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Е. Мақажановтың, жергілікті атқарушы орандардың, Арнайы мониторинг тобының, «Жетысу адалдық алаңы», БАҚ, мәслихат депутаттарының, жергілікті полиция қызметініңжәне СЭС қызметкерлерінің қатысуымен облыстың Оңтүстік аймағындағы дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бар-жоғына, сондай-ақ оларға белгіленген бағаларға мониторинг жүргізуді жалғастырды.

Мониторинг тобы Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының дәріханаларына барды.

Мониторинг барысында жұмыс тобы дәріханалардың көпшілігіне суық тию және вирустық ауруларды емдеуге арналған жедел қажетті препараттар мен дәрі-дәрмектердің келіп түскенін анықтады.

Сонымен қатар, дәріханалардың үлкен бөлігінде бағаның шекті бағасынан аспайтынын, сондай-ақ маскалар мен қолғаптар бар екенін атап өткен жөн.

Алайда, азаматтардың жүгінуі бойынша мониторинг кезінде Өтеген батыр кентіндегі дәріханада «Ингавирин 90» (7 капсула) препараты жоғары бағабойынша 8,500 теңгеден жіберетіні анықталды, оныңқұны «e.zan» ресми сайтының мәліметтеріне сәйкес 4291,80 теңгені құрайды.

Аталға факті Іле аудандық Полиция басқармасында тіркеліп, кейіннен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберіледі.

Бұданбасқа, мониторингтік топ кассалық аппараттардың ажыратылған салдарынан дәрілік препараттарды фискалдық чексізсату жағдайларын анықтады.

Мұндай фактілер тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілетін болады.

Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, ірі дәріханаларда бірінші кезекте қажетті препараттар, ыстықты төмендететін, вирусқа қарсы және т.б. бар.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл жұмысты жалғастырады.

Құрметті азаматтар!

Дәріханаларда дәрі-дәрмектің бағасы негізсіз көтерілген жағдайда WhatsApp арқылы 8 708 427 0503 және 8 702 000 24 94 нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button