Басты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

42 500 теңге бойынша өтінім қабылдаудың басталғаны жайлы ақпарат жалған – Еңбек министрлігі

Өтініш қабылдау 17 шілдеден, төлем тағайындау 20 шілдеден басталады деп жоспарланып отыр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпарат таратушылардың заң бойынша жазаланатынын еске салып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемдерге өтінім қабылдайтын сайттың іске қосылғаны туралы таралған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Қазір ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.

Біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарлануда. Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство өкілдері азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуға шақырды

Басқа жаңалықтар

Back to top button